Home » Білім және тұлға » Біліктілікті арттыру

Біліктілікті арттыру

Ең көп сынға ұшырайтын да, өз жұмыстарының әр саласында көп жаңалықтар енгізетін де білім саласы. Білім беру саласы балабақшадан бастап, орта мектеп, одан кейін жоғары оқыту орындары әдістемелік оқыту өзгерістерінің қаншама түрін бастан кешсе де, тоқталар түрі жоқ. Сондай бір жаңалықты білім беру әдістемесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологияларды «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты ұсынды. 
Бағдарлама Алматы қаласының ЖОО педагогикалық мамандықтары оқытушыларының білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары саласындағы және жаңартылған білім беру мазмұны мән — мәтініндегі кәсіби құзыреттілігін дамытудағы шеберлік деңгейін арттыруға бағытталған.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бір топ оқытушылары да   02.04.2018 — 28.04.2018 жылы  курстан өтті.
Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту (вебинар) сабақтарында сайтта бар бейне дәрістермен танысты. Мысалы, «Қош келдіңіз» түймесіне бассаңыз, кіріспе бейнемен жаңа қосымша терезе пайда болады. Терезенің төмен жағында танысуға болатын, өзіңізге жазба қалдыра алатын бейненің мәтіні болады.
Тақырыпты таңдау оның  SMART мақсаттары  мазмұндық модуль және психологиялық-педагогикалық модуль тұрғысынан қарастырылады.
Блум таксономиясын қолдану арқылы PPT-презентациясын сапалы безендіріп ұсыну (түсі, әріптер, Flash файлға конверттеу, презентацияда iSpring Quiz Maker көмегімен дайындалған  3-4 тесттің болуы, видео, мысалға  YouTube көшірілген, білім алу курсын немесе бейнепрезентация құру үшін CamStudio қолданып таныстырылым жасау, оқу үдерісінде қолданатын басқа да бағдарламалардың таныстырылымы) болды.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты әкімшіліктен, 1 басқармадан, 1 орталықтан, 5 кафедрадан, 6 бөлімнен, кітапханадан, мұражайдан, жатақханадан тұрады.
Кафедралар атауына сай жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі, тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру, менеджмент және ақпараттық технологиялар, педагогика және инклюзивті білім беру, халықаралық білім беру бағдарламалары секілді міндеттерді атқарады. Деңгейлік бағдарламалар орталығы өз саласында сатылық дамыту бағдарламаларын ұсынады. Баспа қызметінің әдістемелік қамтамассыз ету бөлімі «Білім берудегі менеджмент» журналын шығарады, портфолио жасау каталогын жаңартып шығарып тұратынын кітапханада таныстық. Мониторинг және талдау бөлімі, академиялық бөлім, ақпараттық технологиялар бөлімі, инновациялық даму және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімдері де өз міндеттерін тыңдаушылар алдында орындауға бағытталған. Мұражайда көп ақпарат алуға болады.
Жоғары білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2011-2020 ж.ж. арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты бойынша жұмыс жасайды. Білім беру жүйесін кәсіби дәрежесі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жоғары және ЖОО-нан кейінгі білім берудің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағыты бойыша шет елде біліктілікті арттыру көзделген.
Жоғары мектептегі оқыту мен білім беру әдістемесі кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында ҚР БҒМ шешімімен 2012 жылдың қазанында құрылған.

Кафедраның негізгі міндеттері:
-оқыту мен білім беру технологиясында болып жатқан өзгерістерге байланысты ЖОО педагогикалық мамандықтарына қойылатын талаптарының жиі жоғарылауын ескере отырып, ППҚ біліктілігін көтеру;
-тыңдаушылардың кәсіби білімдерінің, қабілеттері мен машықтарының тереңдеуі;
-білім беру саласындағы еңбек нарығы талаптарының өзгерісіне байланысты қосымша құзыреттіліктерді алу жолымен тыңдаушылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту. Кафедра тыңдаушылар алдында өз міндеттерін орындады деп есептейміз.
Алдағы мақсат технологиялық модульде алған білімді сабақтарда қолдану, сабақ барысында жоба әдісін қолдану мәселесіне байланысты мақала дайындап, өз пәндеріміз бойынша  iSpringQuizMaker бағдарламасын қолданып,  әр түрлі деңгейдегі тесттер құруға мүмкіндік ашты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өткен біліктілікті арттыру курсында алған білімімізді оқыту пәндеріміз бойынша оқу әдістемелік кеншен жасау барысында қолдану.

Жакирова Н.  Қ.
Әл – Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің доценті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.