Home » Мақалалар » Біліктілікті арттыру – кәсіби жетілу кепілі

Біліктілікті арттыру – кәсіби жетілу кепілі

Әрбір педагогикалық технологиялар педагогтың қызметінде инновациялық технологиялар, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қолданылса, ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті қызықты өтіп әрі оқыту нәтижесінің сапасы артады.

Осындай мақсатпен өз білімдерін шындауға 2017 жылдың 11 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» blended learning режимінде біліктілікті арттыру курсын «ӨРЛЕУ» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» жетілдіре алдық.

Қазіргі дамыған технологиялардың арқасында қызметімізді де босатпай, қашықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темпте өз бетінше жасай алдық.

Берілген тапсырмаларды Ұлттық білім беру порталында орындауға мүмкіндіктер болды.

Ұсынылған дәріс, тұсаукесерлер мен бейнежазбалар мазмұны мен әдістеме бойынша жоғары деңгейде әзірленген болғандықтан, меңгеруге тиімді болды.      Курстың алғашқы күні «Өрлеу» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» басшысы Еркін Тұрашұлы Исимбаев тыңдаушылармен танысып, ісімізге табыс пен шығармашылық тіледі. Педагогтарға жағдай жасап отырған басшыға үлкен алғысымызды білдіреміз. Дәріс алған аудиториямыз толық АКТ-мен қамтылған.

Курс жетекшісі Ж.У. Жалмуханова курстың тиімді өтуіне түрлі әдістерді қызықты қолдана алды. Педагогтар оқытудың интерактивті түрлері мен әдістерімен қатар аралас оқу режимінде вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес және тыңдаушының өз бетімен оқуымен қамтылды.

Үш апта бойы бізбен тығыз байланыста болған «Өрлеу» ПҚ БАИ МКД ППС кафедрасының аға оқытушысы әрі тьютор Жалмуханова Жанылсын Өтегенқызы, ақпаратты инновациялық бөлімінің басшы Муканова Роза Ақылбайқызы және бас маманы Ахметов Алмат Хайроллаұлына алғысымыз шексіз.

Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің курсының білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қамтығанын атай аламыз.

Б.С. Қожанова

«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық –педагогикалық аспектілері»

атты мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері курсының тыңдаушысы

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы №4 «Еркемай» МКҚК балабақшасының әдіскері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.