«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Бірыңғай әдістемелік орта – біліктілікті арттыру жүйесінде әдістемелік қызметтің өзара әрекеттесуінің тиімді механизмі» атты аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған презентациялық семинар өткізілді.
Семинарда аймақтық әдістемелік қызметтердің желілік қоғамдастығының біліктілігін арттыру жүйесі ұсынылды.
Желілік өзара іс-қимыл арқылы біртұтас әдістемелік ортада жұмыс жасау миссиясы — білім берудің сапасын жақсарту үшін контент пен технологияларды жаңартып, әдіснамалық қызметтің инновациялық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Бірыңғай әдістемелік орта алдында тұрған міндеттер:
- білім беруді дамыту бағдарламаларын іске асыру үшін жағдай қамтамасыз ету;
- оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттыру;
- аймақтың бірыңғай білім беру кеңістігіндегі желілік өзара іс-қимылға қатысушылардың бірлескен қызметін үйлестіру;
Бұл міндеттер өте маңызды, өйткені олардың шешімі бірыңғай әдістемелік ортаны құруға үлес қосады, атап айтқанда, облыстық әдістемелік қызметтің нысандары мен әдістері мұғалімдерді оқыту жүйесінде жаңартылып, оқу ресурстарын пайдаланудың тиімділігі артады.
Әдістерлердің айтуынша, семинар пайдалы болды және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әкелуі тиіс, бұл жаңа қызықты жобаларды тудырады.