Home » Жаңалықтар » Біз – таза қала үшін

Біз – таза қала үшін

Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектепте 21-қазан күні мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар «Біз – таза қала үшін» деген ұранмен қалалық сенбілікке белсенді қатысты. Тұрып жатқан мекенімізді көгалдандыру – табиғаттың бір бөлшегі ретіндегі біздің міндетіміз. Жұмыла кіріскен іс қашан да өз нәтижесін берері хақ: мектептің айналасы, ықшам аудандағы мектепке қарасты аумақтар біздің ұжымның белсенділігімен қажетсіз қоқыстардан тазарылып, абаттандырды. Мектеп айналасындағы қураған шөптер жұлынып, сыртқа шығарылды. Ауыл ажары, мекен көркі – бәріміздің ортақ борышымыз.

Есимбекова Гүлдана Алтынбековна

Мектеп директорының тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.