Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 жалпы білім беретін мектепте 21-қазан күні мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар «Біз – таза қала үшін» деген ұранмен қалалық сенбілікке белсенді қатысты. Тұрып жатқан мекенімізді көгалдандыру – табиғаттың бір бөлшегі ретіндегі біздің міндетіміз. Жұмыла кіріскен іс қашан да өз нәтижесін берері хақ: мектептің айналасы, ықшам аудандағы мектепке қарасты аумақтар біздің ұжымның белсенділігімен қажетсіз қоқыстардан тазарылып, абаттандырды. Мектеп айналасындағы қураған шөптер жұлынып, сыртқа шығарылды. Ауыл ажары, мекен көркі – бәріміздің ортақ борышымыз.
Есимбекова Гүлдана Алтынбековна
Мектеп директорының тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары
Алматы қаласы