Ел Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі — «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-әуқаты» тармағында, азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе де болады. «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.
Осы тұрғыда «№7 Сарысу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Біз салауаттылықты қолдаймыз!» тақырыбында қысқы ойындардан сайыс болып өтті. Бұл қысқы ойындар сайысының арнайы жоспары құрылып, жоспарда көрсетілген іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл қысқы ойындар сайысын мектеп әкімшілігі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Р.Мусин мен Е.Бегімбетовтердің ұйымдастыруымен болып өтті. Бұл қысқы ойындар сайысына мектеп ұстаздары, оқушылар және ата-аналар бір кісідей ат салысты.Қысқы ойындар барысында жоспарда көрсетілген тапсырмалар бойынша әрбір сыныптар сайысқа түсті. Атап өтетін болсақ, даярлық сыныптың ата-аналарымен оқушылары бірлесе отырып, «Міне, қандай аққала!» тақырыбында аққала жасаудан сайыс өткізсе, 1-4 сынып ата-аналары мен оқушылары арасында «Зымыра, көңілді шана!» тақырыбында ата-аналар өзара сайысқа түсті. Ал 5-6 сыныптар арасында шаңғымен эстафеталық жарыс ұйымдастырылса, 5-9 сыныптардың ер балалары мен қыздар арасында конькимен мәнерлеп сырғанау сайысы болып өтті. 7-8 сынып оқушылары арасында шаңғымен қашықтыққа жүгіру, 9-11 сынып ұлдар арасында «Биатлон» сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектептің жас ұстаздары мен мектеп қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті. Мұнда әрбір сайыс түрлері бойынша қатысушыларымыз үлкен жетістіктерге жетті. Атап өтетін болсақ, Биатлон жарысынан І орын иегері 8-сынып оқушысы Қожагелді Дамир, ІІ орын 9-сынып оқушысы Шаймұрат Азамат, ІІІ орын 10-сынып оқушысы Жамсап Кеңпейіл, ал конькимен мәнерлеп сырғанау сайысынан ұлдар арасында 9-сынып оқушысы Фермебай Ұлан І орынды иеленсе, қыздар арасында Аманбек Аружан І орын, ІІ орынды 5-сынып оқушысы Өмірзақ Жанель қанағат тұтты. Алыс 2000 метр қашықтыққа ұлдар арасындағы сайыста І орынды 10-сынып оқушысы Жандильдин Айтқазы, ІІ орынды 9-сынып оқушысы Балғабаев Ернұр иеленді. Жас ұстаздар мен мектеп қызметкерлері арасындағы шаңғы жарысынан І орынды Еденбаева Қалдыкүл, ІІ орынды Дюсебаева Алма, ІІІ орынды Тілеген Гүлнұр иеленді. Сайыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайысқа жиналған қауым бір сергіп, үлкен ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарасты.
Дүйсембекова Н.С
«№7 Сарысу ЖОББМ» КММ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.