Home » Балабақша » Біз Отанның болашақ сарбаздары

Біз Отанның болашақ сарбаздары

7-мамыр қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1992-жылдың 7-мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды.

Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. «Еліміздің қорғаны – ерлер» екені айдан анық. Сондықтан да оларға деген құрмет, ілтипатты білдіру және кішкентай бүлдіршіндердің бойында патриоттық сезімді ояту мақсатында «Ақерке бөбекжай» КМҚК-да тәрбиеленушілер арасында «Біз болашақ сарбаздар» атты плэшмоб өтті.

Отан қорғаушылар күніне арналған бұл жиында балалар сап түзеп 7 санын көрсетіп, көңілді ән аясында би билеп, «Біз болашақ сарбаздар, елімізді қорғайтын» деп ұрандатты. Елімізді қорғайтын сарбаздардың жемісті жұмыстарының арқасында бүлдіршіндеріміз бақытты өмір кешуде. Осы бақытымыз Елбасымыз қалаған Мәңгілік елде мәңгі болсын дегім келеді.

                                                                                   Қазына Жылқыбаева

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті,

                                                                         «Ақерке бөбекжай» әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.