Home » Балабақша » Біздің балабақша

Біздің балабақша

Алдымда  екі қабатты әдемі ғимарат. Аулада жүздері бал-бұл жанып, бақытты балалық шақтарының асқарында алаңсыз сайраңдаған бүлдіршіндер. Бақшаның ішіне ендім. Алдымда жарқын жүзді адамдар маған ізеттілікпен амандасуда. Мен баспалдақпен екінші қабатқа  көтерілдім. Балабақша  бөлмелері  қандаймәсемьдесеңізші! Заманауи тәрбие, білім беретін «Психолог», «Логопед», «Мейірбике», «Меңгеруші», «Сказка», «Еркетай», «Балдырған», «Cолнышко», «Пчелка», атты топ бөлмелері жоғары талғаммен безендірілген. «Меңгеруші» бөлмесіне менде ізетпен амандасып, өзімді таныстырып, келген шаруамды айттым. Терезеден сыртқа назар аудардым. Сырттағы өзім көрген бүлдіршіндерім мәре-сәре болып бала ойынына қызықты болатындай етіп заманауи жабдықталған аулада  жүгіріп жүр. Бұл менің «Жақсылық» балабақшасына алғаш келген әсерім болатын. Көкірегімді қуаныш кернеп тұр. Мен «Тәрбиеші»қызметіне жұмысқа алындым! Тәрбиеші-киелі мамандық. Баланы жан-тәніңмен сүймей бұл мамандықты игеру мүмкін емес. Баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту-ол оңай шаруа емес.

Тәрбиеші — суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. «Балаңның кім болатынын ойнаған ойынынан біл» — демекші бала кезімде ұстаз болып ойнағанды ұнататынмын. Міне сонау бала кезімнен-ақ ұстаз-тәрбиеші болуға аңсарым ауса керек. Мектептен білім негіздерін сусындап, әрі қарай университетке түсіп осы мамандығымды игердім. Мен осы «Жақсылық» балабақшасында жұмыс жасайтынымды мақтанышпен айта аламын.
«Жақсылық» балабақшасының педагогикалық кадрлары білікті мамандар. Балабақша маман кадрлары толық-әдіскер, психолог, дене шынықтыру, ағылшын тілі, қазақ тілі, шахмат шеберлігі  мамандары, тәрбиешілері жоғары білімді. Саз-би жетекшілері басқа да тәрбиешілердің көпшілігі тәжірибелі педагогтар. Сондықтан педагогикалық ұжым облыстық, аудандық бақша ішілік әртүрлі оқу-тәрбиелік олимпиада, шара-сайыстарда өздерін көрсетіп бағуда. Тәрбие процесін жүргізуге арналған заманауй жабдықталған саз-би залы, оқу залы жұмыс жасайды. Топ бөлмелері де ерекше талғаммен безендірілген.

«Болашақ бүгіннен басталады», болашақта біздің балабақшадан ұшып шыққан бүлдіршіндеріміздің улкен белестерді, шыңдарды бағындырады деп нық сеніммен айта аламын!

 

Сабитова Назира Сабитовна
тәрбиеші

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.