Home » Жаңалықтар » Бурабайда VII Burabike Fest-2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі өтеді

Бурабайда VII Burabike Fest-2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі өтеді

24-25 тамыз күндері Щучинск-Бурабай шипажай аймағында VII Burabike Fest-2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі өтеді.

Фестивальдің ұйымдастырушысы – Ақмола облысының қолдауымен Болат Өтемұратов қоры.

Burabike Fest — бұл бұқаралық спорттық іс-шара, оның мақсаты – балалар мен ересектердің денсаулығын нығайтуға бағытталған қайырымдылық жобаларды қаржыландыру және жүзеге асыру үшін қаржы жинау. Жыл сайын Burabike фестиваліне бизнес, саясат және спорт өкілдері қатысады.

Биыл қазақстандықтар арасында танымалдыққа ие велошеру өзінің форматын кеңейтіп, бүкіл отбасыға арналған Burabike Fest музыкалық-спорттық фестиваліне айналып отыр.

Биыл іс-шара тарихында тұңғыш мәрте БАҚ өкілдеріне велошеруге тегін қатысып, Щучинск-Бурабай аймағындағы 10 шақырымдық қашықтықты жүріп өтуге мүмкіндік беріліп отыр. Қатысушыларға арнап велосипедтер мен каскалар ұсынылады. Қашықтықты жүріп өткен соң қатысушылар мен қонақтар сейілге шығып, музыкалық топтардың өнерін тамашалап, шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік бар, сондай-ақ, балаларға арнап анимациялық ойын-сауық бағдарламасы және қайырымдылық аукцион ұйымдастырылады.

Анықтама. Фестивальдің өткізіліп келе жатқан 6 жылы ішінде Burabike қатысушылары мен қонақтары қайырымдылыққа 700 млн. теңгеге жуық қаржыны садақа етті. Жиналған қаржыға балалар медициналық мекемелеріне, перинаталдық және оңалтушы орталықтарға, балалар үйлеріне арнап жабдықтар сатып алынды. 2018 жылы жиналған қаржы сомасы 205 млн. теңгені құрап, қаржы Мерке (Жамбыл облысы), Тимирязево (Солтүстік Қазақстан облысы), Панфилово (Алматы облысы), Алакөл (Алматы облысы), Ағадырдағы (Қарағанды облысы) медициналық мекемелерге арнап медициналық және оңалтушы жабдықты сатып алу үшін бағытталды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.