Home » Ашық сабақтар » Бос уақыт және хобби

Бос уақыт және хобби

Сыныптан тыс іс-шара
(дөңгелек үстел)

Мақсаты: Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту… Ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Уақытты үнемді пайдалануға, уақыттың қадірін бағалауға үйрету.
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 26 жыл толған қазақ елінің «Тәуелсіздік» күнімен шынжүректен құттықтаймыз!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймыз.

  1. Оқытушының сөзі:
    Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қолжеткізгеннен кейін мемлекеттіктіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

    Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған «Менің бос уақытым және хоббиім» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

    Ей, тәкаппар дүние,
    Маған да бірқарашы.
    Танимысың сен мені
    Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.

5 Асынып оқушылары Тамерлан, Ұлан, Дархан

5 Ә сынып оқушылары Инабат, Тұмар, Мұхамед

III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын «Бос уақыт және хобби » тақырыбына арналған слайд-шоуға назар аударайық.

IY. 1) Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
«Менің бос уақытым және хобби» тақырыбында оқушылардың пікірі тыңдалады. Әрбір оқушының пікірі қымбат. Уақыттың қадірін білуге оны бағалау үлкен жауапкершілік екендігін үйрену.

Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

1.Бос уақыт және хобби дегеніміз не?

2.Бос уақытта қандай ермек іспен айналысуға болады.

3.Сіздің сүйікті ісіңіз не, немен айналысқанды ұнатасыз.

4.Сіздің өз хоббиыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

5.Компютердің алдында ұзақ отырудың зиянын білесің бе?

6.Табиғат аясында демалғанды ұнатасың ба?

  1. Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.
    Жауаптарыңызға рахмет! Дағыстандық ақын Расул Гамзатов «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім- сенсің. Мен сені мақтан етемін»,- деген екен.
    YIII. Қорытынды сөз:
    Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті.

Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. «Менің бос уақытым және хоббиым» туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық.

Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу- саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы.

Сондай-ақ уақыттың қадірін бағалай білейік? Бос уақытымызды тиімді пайдалана білсек, ол біздің өмірімізге шуағын шашады.
Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

 

Бейлхан Ағи,
№61 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.