Home » Мақалалар » БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАҢАРТУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАҢАРТУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бүгінде білім саласында түйінді мәселе көп. Жас ұрпақтың тәрбиесі толғандырар тақырып. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» — дейді дана халқымыз. Осы бір ғибратты сөз жас ұрпаққа лайықты білім мен тәрбие берудің маңыздылығын аңғартады. Ширек ғасыр  уақытта жаңару мен жаңғыртуды неше сатысынан өткен білім беру саласы әлемдік талаптарға сай қайта құрылуда.

Біраз жылдан бері жиі көтеріліп жүрген 12 жылдық оқу жүйесі, бастауыш сыныптардан бастап үш тілде оқуды енгізу, бес күндік оқу аптасын қалыптастыру мәселері, негізгі өзгерістер аса маңызды болып табылады. Орта білім беудің мазмұнын жаңартуға қатысты Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылында ұстаздарға арналған курстар өткізілуде. Мақсат – Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

Топтық жұмыс

Зерттеу жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

Осы аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы басты міндет – педагог кадрлардың сапалы құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру. Сапалы тәрбие беру мен оқытуға көңіл бөлу үшін ең алдымен ұстаздардың біліктілігін жоғарылату керек. Заман талабына сай «Өмір бойы білім алу» ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдерінің ұстанымына айналғандай.

Ұстаздардың бірлікте, ізденімпаздықпен жұмыс жасай білулеріне бас болып көмек бере білген. «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы  Шолпанкулова Ания Абыйырқызына алғысымыз шексіз. Ұйымдастырылған курста педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білуге, оқыту мен тәрбиенің озық тәжірибесін меңгеруге, білім процессін басқара алуға, педагогикалық ситуацияларды оқушы дамуының бағыттап жобалау және жүзеге асыру үрдісін сезінуге өз мамандығымызға жаңа міндеттер қоя білуге үйретуде. Ания Абыйырқызы тренинг, семинар сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін қамтамасыз етуге мотивациялық жағдай тудыруға және эмоционалды тұрақтылық сақтауға, оқушының жеке даралық дамуына, табыстылыққа жетуіне ықпал етуге болатынын сан-алуан түрде ашып көрсетті.

Іле ауданы Екпінді елді мекеніндегі №2 орта мектебінде 1 сыныптарда білім мазмұнын жаңартуды өткен оқу жылында бастауыш сыныптарда 6 мұғалім ұйымдастырылған курстан өтіп келді.

Олар өз іс-тәжірибелерін, курста оқып, біліп, үйренгендерін мектеп ұжымымен алмасты. 2016-2017 оқу жылында наурыз айында мектебімізден бастауыш сыныптар бойынша 3 мұғалім ұйымдастырылған курста 1 сыныптарда білім мазмұнын жаңарту үшін біліктілігімізді арттырып, білім процесін басқара алу мүмкіндігіне ие болдық.

Білім жетілдіру курсында бастауыш сынып мұғалімдері жүйелі және мақсатты түрде кәсіби деңгейлерін арттыруда. Оқыған дәрістер мұғалімдер тарапынан жоғары бағалануда. Ания Абыйырқызы жан-жақты, тереңнен пайымдайтын, алдына қойған мақсатына жететін білгір маман. «Ұстаз» деген ұлы есімді ұлықтаған, ұстаздардың ұстазы Шолпанкұлова Ания Абыйырқызынан үйренеріміз әлі де көп. Ания Абыйырқызына шығармашылық табыс тілеп, еңбегіңіз жана берсін демекпіз.

                                                                                                                                          Калменова Гулзира Отызовна

                    Іле ауданы Екпінді ауылы №2 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.