Home » Айтарым бар » Болашаққа қадам жасайық

Болашаққа қадам жасайық

   Президентіміз Н.Ә.Назарбаев рухани жаңғыруға арналған мақаласында Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. Біз шын мәнінде тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы жолдауы ел дамуының басым бағыттарын айқындап берді.
Адами капиталдың сапасы білім беру деңгейіне тәуелді. Жолдауда «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың біріңғай стандарттарын енгізу қажет» деп ертеңгі жастардың бүлдіршін кезінен бастап білімді болып қалыптасуы үшін нақты міндет жүктеледі. Балабақшадан әріп танып келген шәкірт білім ошағының табалдырығын аттағанда қиналмайды.
Мемлекет басшысы қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату қажет екенін еске ала отырып, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігін де тапсырды. Орыс тілін білудің маңыздылығына да назар аударды. Ата-анада ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін естен шығармаса дейміз. Бала ес біле бастаған шақтан оның мінез-құлқын, неге бейім екендігін бірінші анасы байқайды.
Сонымен мемлекет басшысы алдымызға үлкен міндет қойды. Енді оны орындау барша білім саласы қызметкерлерінің басты парызы әрі міндеті.
Уақыт алға жылжыған сайын жұмыстар да күрделене беретіні белгілі. Ал біз тынымсыз ізденістер мен жоғары жауапкершілік, шынайы рухани жаңғырулар арқылы барлық кедергілерден өтетіндігімізге сенімдіміз.

 

 

М.М.Тогатай,
 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.