Home » Білім және тұлға » БОЛАШАҚҚА СЕРПІЛІС

БОЛАШАҚҚА СЕРПІЛІС

Ұлының да ұстазы бар «Адамзаттың бірінші ұстазы» атанған Аристотель де грек философы Платоннан білім алған. Ұстаздан үйреніп, ұлыларға жөн көрсеткен.

2016-2019 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекеменің даму стратегияларын жасауда бағыт -бағдар, кеңес беріп жөн көрсеткен облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлсім Шабданқызы Кожахметова мен директорының орынбасары Бақытгүл Химальдинқызы Әбдікероваға айтар алғысымыз шексіз.

ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Білім мазмұнын жаңарту жолдарын анықтап, бағдарлама бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын игертудегі тиімді жолдарды таңдай алуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпыадамзаттың, қадір- қасиеттердің мән-мазмұнын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот-азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деп бізге үлкен сенім артып отыр. Осы мақсатқа жетуде Қарағанды облысының Білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында бөбекжай директорларының оқыту курсы жүргізілді. Осы курста берілген ғылыми-әдістемелік кеңес, бағыттарымен барлық бөбекжайлар 2016-2019 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекеменің даму стратегияларын жасап, жұмыс жүргізуде. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген патриоттық тұлға қалыптастыруда даму стратегиясының бөбекжайдың педагог кадрлардың кәсіби әлеуеттілік сапасын жақсарту, кәсіптік беделін арттыру мен тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыру бағыттарын айқындап берді. Бүгінгі күні елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, болып жатқан жаңартулар оқу-тәрбие жұмыстары бағыт-бағдарының заман талабына сай жасалуын міндеттейді. Бөбекжайдағы инновациялық қызметті басқарудың қолжетімділігін және жоғары сапасын қамтамасыз етудегі міндетімізді абыроймен бірлесе атқарайық.

КМҚК №13 «Ертөстік» бөбекжайының директоры
Тағыбергенова Нағима Қиынбайқызы
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.