Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халыққа арнаған Жолдау бойынша Қазақстанның үшінші жаңғыруға бағытталған бағдар десем артық болмас. Президентіміздің бұл мақаласында негізгі мақсат – міндеті басымдықтар мен оған жеткізетін жолдарды анық берілген.
І бөлімде ХХІ ғасырда ұлттық сана туралы айтылған. Қазақстанның жаңа тұрпатта жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодымызды сақтау екенін, қазақтың тарихи тәжірибесі мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамастан, озық дәстүрлерімізді табысты алғышарттарына айналдыра отырып, халқымыздың ұлттық – рухани тамырынан нәр алмаса, болашақта адасуды бастайтыны анық айтылған. Сондықтан да біз ұлттық кодымызды сақтау үшін бірінші бағыт — бәсекеге қабілетті болу. Иә, ол үшін Қазақстан қай жағынан болса да, шығарған өнімдеріміздің ұлттық аймақта да, жаһандық нарықта да сапасы мен бағасы да ұтымды болу керек. Ол үшін бізге компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық болуы қажет. Сол үшін де келер ұрпақты «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» деген бағдарламалар бойынша ХХІ ғасыр талаптарына сай етіп даярлауға әрбіріміз ат салысуымыз қажет. Ал прагматизм бағытында туған жердің табиғатын, байлығын үнемді қолдану және нақты мақсатқа жету үшін халқымыз білімін жетілдіріп, саламатты өмір салтын ұстана отырып, кәсіби тұрғыда жетілген жағдайда ғана әр нәрсені ұтымды пайдалану арқылы мінез – құлық прагматизмді қалыптастырып, еліміздің дамуына ықпал етуіміз қажет. Ол үшін ұлттық санамыздың жаңғыруына мүмкіндік бере отырып, ұлттық бірегейлігімізді сақтау керектігі айтылған. Елбасымыз бұл мәселені дер кезінде көтерді. Өйткені қазіргі жастардың алаңсыздығы, қазақ халқының табиғатына жат әдеттерге еліктеуі, уақытты босқа өткізуі, жалқаулығы кімді де болса ойлантпай қоймайды. Рас, көпке топырақ шашуға болмайды. Жастардың арасында білімді де еңбекқор, бәсекеге қабілетті жастарымыз да бар. Олар саусақпен санарлық. Әрбір қазақ ұлттық салт — дәстүрімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді, яғни ұлттық рухымызды сақтай отырып, ұлттық кодымызды жаңғырта аламыз. Ол үшін ұлттық дамуға кедергі болатын өткеннің керітартпа тұстарынан арылуды қажет етеді. Ұлттық сананы жаңғырту үшін білім салтанат құруы керек. ХХІ ғасыр талабы экономикалық кәсіп жағынан рухани жаңғыру арқылы ғана табысты болуға , білімді болуға ұмтылу керек. Елімізде білімнің салтанат құруы үшін білім саласына артылар жүк ауыр болады деуге болады. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуына ықпал ете отырып, ұлтымыздың өркендеуіне септігімізді тигізе аламыз деп ойлаймын. Ұлттық сананың дамуы үшін сананың ашықтығының үш ерекшелігіне: бірінші, елімізде не болып жатқанын аңғару, екінші, технология ағынындағы алып келетін өзгерістерге дайын болу, үшінші жаһандағы ұлы державалардың озық жетістіктерін бойымызға сіңіру арқылы ғана табыстың кілтіне қол жеткізуімізге , «от басы, ошақ қасында» қалып қоюдан сақтанып, жаһандық әлемге кірігіп, жұмыс істеу бағытына бейімделуіміз керек.
Осы ұлттық сананы дамытуға Елбасымыз «Таяу жылдардағы міндеттерді» белгілеп берді. Латын әліпбиіне көшу, «Жаңа гуманитарлық білім мен Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша білім саласындағы жаһандық бәсекеге бейімделген маман даярлау арқылы жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты санамызды жаңғырта отырып, жетістікке қол жеткізетінімізге сенімдімін. Рухани жаңғыру Қазақстандықтар үшін басты міндет болмақ. Сол міндетті сезіну бар да, атқару бар. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білсек, ұлттық идеологиямызды сақтай да, жаңғырта да, дамыта да алатынымыз сөзсіз.
Турлыбеков Бахытжан Тынышбекович,
Өндірістік оқыту шебері,
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылы.
№13 колледж МКҚК