Home » Мақалалар » Болашаққа бастар жол

Болашаққа бастар жол

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаев парламент палаталарының біріккен отырысында халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»  атты Үндеуі халықтың  көкейкесті мәселелерін шешуге тың серпін беріп отыр.

Елбасы ұсынған  «7-20-25»  бағдарламасы қазақстандық әрбір отбасының баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін айтса, екіншіден,  салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың  табысын молайту үшін  салық жүктемесін  он есеге азайтып, 1 пайызға түсіру  керек екендігін атап көрсетті.

Өзіміз білім саласында қызмет атқарғандықтан болар Елбасымыздың үшінші бастамасы көпшіліктің қолдауына ие болып отыр, атап айтар болсақ,  жыл сайынғы бөлінетін 54 мың грантқа  қосымша 20 мың грант  бөлінбек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық  білім беруге тиесілі болса, 5 мыңы гуманитарлық білімге, 3 мыңы магистранттарға, 1 мыңы доктаранттарға тиесілі болмақ. Бұл бастама білім беру  жүйесін оң өзгерістерге жетелейтіні анық. Әсіресе, 2022 жылға дейін студенттерге арналған кемінде 75 мың орынды жатақхана  тұрғызылатыны ең елеулі  істің бірі болмақ. Қазіргі таңда студенттер арасында жатақхана мәселесі өзекті мәселе. Қазақстанның әр аймағынан білім қуып  келген студент жастардың жағдайын  жасап жатақханамен  қамтамасыз ету машақаты 2022 жылға дейін өз шешімін таппақ.

Президенттің төртінші бастамасы шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға  қолдау көрсету  үшін  жеңілдетілген   шағын несие  көлемін 20 миллиардқа арттырып, жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге  жеткізуді тапсырды, бұл өз кезегінде еліміздің экономикасының өркендеуіне және   қосымша жұмыс орындарының ашылып, еліміздегі жұмыссыздардың санын азайтуға септігін тигізбек.

Бесінші бастама  Қазақстанның орталық және солтүстік  аймақтарына газ  тарату  керек екендігін тапсырды.

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға арнаған  Үндеуінде  «Берекелі бірлігімізді  көздің қарашығындай  сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ » -деп атап өтті. Шын мәнінде, Тәуелсіз Отанымызда  тұратын барша  ұлт өкілдерінің, барша  тұрғындардың ынтымағы  мен бірлігі  жарасып жатса, алынбайтын қамал жоқ.

Үндеуде жариялаған бес әлеуметтік бастамалары елдің әлеуметтік  жағдайын жақсартып, халқымызды  жақсы істерге ұмтылдырып, биік белестеріне  шығаратыны анық.

Қудайбергенов Берик Асаналиевич,
Көлсай кәсіптік-техникалық колледжінің
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы,
Алматы облысы, Райымбек ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.