Home » Жаңалықтар » Болашақтағы менің қалам

Болашақтағы менің қалам

Қараша айының 5-жұлдызында Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  бастауыш сыныптар арасында ата-анамен бірлесе отырып орындалған « Менің болашақтағы қалам» атты көркем еңбек сабағы аясында шағын макеттердің шығармашылық іс шара  өтті. Іс шараның басты мақсаты: Оқушы шағын макет дайындау  арқылы өз өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру, ата-анамен бірлесіп жұмыс жасау және оқушылардың көркем сөйлеу дағдысын дамыту.

Оқушылар қаланы шағын макетпен безендіру барысында имандылық үйі мешіт, балалар ойын алаңы, оқушылар сарайы, шынылы ғимараттар, жаңа заман үлгісіндегі мектептер, атракциондар және ЭКСПО үлгісіндегі шар тәріздес  ғимараттар жасалды. Әр оқушы өз жұмысын таныстыру барысында  «Мен  ержеткенде ө қалама осындай үлгіде ғимараттар салу арқылы өз үлесімді қосамын. Мен өз қаламды мақтан тұтамын және шексіз сүйемін,-деді.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем,- деп ақын ағалар жырлағандай мектеп залына қаз-қатар тізілген оқушылардың жұмыстары шынымен шағын қалашыққа айналды. Мектеп ұстаздары, қонақтар, ата-аналар ризашылықтарын білдіріп оқушылар да шығармашылыққа деген ынталары арта түсті.

Қыран түлегіне  қайыспас қанат сыйласа,

Ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды.

Мұғалімнің міндеті тәлім тәрбие, білім беріп, талаптандыру, қанаттандыру. Мұндай іс-шаралар  шәкірт бойындағы арман тілегінің шындыққа айналуына жол ашады деген ойдамыз.

 

Каскатаева Роза Абсалямовна
«№15 ЖОББМ» КММ
бастауыш сынып әдіс бірлестік жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.