Home » Ашық сабақтар » Бисембаева Кулайм. Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік

Бисембаева Кулайм. Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік

Бисембаева Кулайм Зинешқызы,
Подстепный №1 ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
Теректі ауданы, БҚО

 

 

 

 

 

 

Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік
(тәрбие сағаты)

Тәрбие сағатының мақсаты:
 а) Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы бірнеше жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту.
ә) Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, Отанымыз – Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
б) Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін елжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Пайдаланылған көрнекіліктер: қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, Елтаңба, Туы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың суреті, буклет.
 Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы – білімде»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа дайындау.
1-жүргізуші: – Құрметті қонақтар, біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, демалып қайтатындарыңызға біздің сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің алдарыңызда 4-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші: – Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 16 желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымыздың  тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.
1-жүргізуші:
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады.
Республикам әнұраным.
Хор: «Әнұран»
ІІ. Кіріспе (мұғалім сөзі)
ІІІ. Негізгі бөлім.
Сахнаға қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді:
Біз қазақ, мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Басымыздан құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз.
2-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке арнау. Туған Отанымызға және әр отбасына бұл жылдар шығып сөйлейді:
«Тарихыңды таны» (Бастарында жылдары жазылған оқушылар шығып өз жылдарымен таныстырады. 1991, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006 жылдар)
1-жүргізуші:
 Көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі. Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: – Ата, не ойлап отырсыз?
 Атасы: – Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: – Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: – Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: – Ал, ол қандай болған?
 Атасы: – Ендеше, тыңда, балам, атаң бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын. Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.
Буклетпен жұмыс:
2-жүргізуші: (буклетте салынған жылдар бойынша өткен өмір туралы әңгімелейді). Атасы: – Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: – Ата, «егемендік» деген не?
 Атасы: – Егемендік – «иесә мен» деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз. Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көген көз. Егемендік ел болудың белгісі, Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні. Егеменді деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі. Міне, «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпақтарым!
1-жүргізуші: – «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбына оқушыларымыз өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, жазып келіп отыр. Осы жазған эсселерін тыңдайық. (4-5 оқушы бүгінгі тәуелсіз еліміздің бірнеше жыл ішінде жеткен жаңалықтарын, табыстарын әңгімелейді).
Мұғалім: – Балалар, ойларың өте жақсы, көңілге қонымды. Көпшілігің бірнеше жыл ішінде жеткен жетістіктерге назар аудардыңыз. Көп-көп рахмет!
2-жүргізуші:
— Енді «Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби-музыкалық концертімізді көріп тамашалаңыздар. 1. Ән. «Елім менің» Әліби

  1. Би. «Қазақ биі» Бағнұр
  2. Ән. «Қазағым – елім» Гүлжан
  3. Би. «Қамажай» топ қыздар Арайлым, Гүлжамал
  4. Ән. «Туған елім» Бақытжамал, Нұрсұлтан
  5. Қорытынды бөлім:

 Мұғалім сөзі: «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» (сұрақ-жауап)

– Біз бүгін тәрбие сағатында не туралы білдік? Тәуелсіз еліміздің бірнеше жыл ішінде табыстары, т.б. туралы білдік.

– Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек? Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну. –  Ұлы Абай атамыз айтқандай, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп елімізді өркендетуге өз үлесімізді қосайық. XXI ғасыр – білім ғасыры. Сондықтан менің мақсатым – білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдыландыру, қалыптастыру. XXI ғасырдың болашақ көшбасшысын дайындау. Бұл балалар – еліміздің болашағы. Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп-кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қазыбек би атамыздан ақ тілек тілейік!
Қаз дауысты Қазыбек: – Басшыларымыз алысты көрсін, Жекешелеріміз табысты болсын! Қыздарымыз саналы, сұлу болсын, Ұлдарымыз қамысты болсын! Қалада, мейлі қырда болсын! Келген-кеткен ырза болсын! Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын! Баға сөмкемізге сыймайтын болсын! Халқымыз ғасыр табалдырығын, Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын! Әумин!

  • Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.