Home » Баяндамалар » Биология сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру жолдары

Биология сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру жолдары

«Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің ең бірінші міндеті – сын тұрғысынан ойлайтын және ақпарат ағындарына бейімделуге қабілетті адамдарды дайындау»

(Н.Ә. Назарбаев)

 

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» (МAН 2014, 4-бет).

Ғылым мен техника дамып, әлемнің өзгеруіне ықпал еткен алуан түрлі технологиялар заманында білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі – еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосатын білімді, меңгерген білімін кез-келген жерде қолдана алатын жастарды тәрбиелеу болып табылады. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, экономикасы дамыған қуатты мемлекетке айналуына табиғат ресурстары және рухани құндылықтарымен қатар, оны игеру үшін білімді ұрпақ, сол елдің білім бағдарламасы шешуші фактор екендігі сөзсіз. Білім беру жүйесі дамыған елдердің озық білім тәжірибесін тиімді қолдану арқылы, жастарды тәрбиелеп, қалыптастыруда мектептің, мұғалімдердің рөлі өте үлкен. Екінші деңгей бaғдaрлaмacы бойынша білім алып, өз іc-тәжірибеме өзгеріcтер енгізіп, жеті модуль (Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану) аясындағы әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтар жүргіземін және топтық жұмыс бұл бағдарламаның негізгі ажырамас бөлігі болып табылады. «Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді (МАН 2014,41-бет). Оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі арқылы білім беру өз бетінше ізденуге, белгілі бір мәселені шешуде ойлануға, ойын тұжырымдауға, зерттеулер жүргізу арқылы ғылыми жобалар жазуға ынталандырады. СТО стратегияларына: Блум таксономиясы, «ДЖИГСО», «Кубизм», «Проблемалық мәселе қою», «Ақылдың алты қалпағы», «Деңгейлік тапсырмалар», «Кластер», «Ойлау картасы», «Ассоциациялық карта», «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта», «Конструктивті кесте», т.б әдіс-тәсілдер жатады. Жаңа педагогикалық технология бойынша СТО модулі бойынша сабақтар үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту (мотивация), мағынаны ажырату (реализация), ой-толғаныс (рефлексия).

Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері нені білгені жөнінде ой-толғаныс жасауларына мүмкіндік береді. «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Ойлау картасы», «Ассоциациялық карта», «Кім жылдам?», «Не, қайда, қашан?», т.б әдіс-тәсілдер оқушылардың мотивациясын оятып ынталандыра түссе, екінші кезеңде жаңа тақырыппен танысуда, ақпарат алмасуда, танымдық белсенділігін, зерттеушілігін, т.б көрсетуде «ДЖИГСО», «Кубизм», «Фишбоун», «Деңгейлік тапсырмалар», т.б стратегиялары, ал үшінші кезеңде «Ақылдың алты қалпағы», «Кластер», «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта», «Конструктивті кесте», «Штурман-пилот», «Жәрмеңке», т.б. әдіс-тәсілдері өте маңызды.                                                                                                                                          

Мысалы: 8-сыныпта «Жасушадағы бейорганикалық заттар» тақырыбын «ДЖИГСО» әдісі бойынша былай өткізуге болады: оқушыларды стикерлер түсіне (номер жазылған) қарай жанұялық топтарға бөліп, бірінші кезеңде тақтадағы «жасуша» сөзіне ассоциациялық карта толтырып, қызығушылығын оятып, жаңа тақырыппен танысуды (оқулық, видео, слайд, т.б) сұраймын. Екінші кезеңде номерлері бойынша жаңадан эксперт топтар құрылады, әрбір топқа тапсырма беріледі, олар мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды, постер құрастырады (1-топ: Жасушаның химиялық құрамы, 2-топ: Жасушаның тіршілік әрекетіндегі судың маңызы, 3-топ: Жасушадағы химиялық элементтер, 4-топ: Минералды тұздардың маңызы). Осыдан соң жанұялық топтарға қайта оралып, білімдерін ортаға салып, ақпарат алмасады. Үшінші кезеңде тиімді әдістердің бірі — «конструктивті кесте» ұсынамын, оқушылар химиялық элементтерді тиісті орынға орналастырады, бұл әдіс арқылы талдау жасауға, бір-бірін тексеруге болады.

«ДЖИГСО» әдісі. Тапсырма үш этаптан тұрады:

І-этап: «Қызығушылығын ояту»

ІІ- этап: «Мағынаны ажырату»

ІІІ- этап: «Ой-толғаныс»

«Кубизм» әдісі тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызады. Кубиктің қырлары бойынша жұмыс шарттары таңдалып тапсырманы ауызша жүргізуге болады

(1-суретте, 2-салыстыр, 3-зертте, 4-қолдан, 5-дәлелде, 6-талда).

Бұл әдісті 7-сыныпта жануарлар дүниесі, 6-сыныпта өсімдіктер дүниесімен танысуда, т.б сабақ ортасында қолдану тиімді. Кубикті иіру арқылы әрбір топ кезектесіп, тапсырмаға ауызша жауап береді. Мысалы: Буынаяқтылар типі, Шаянтәрізділер класы, өзен шаянымен танысуда:

  • 1-ші шарт бойынша суреттейді (дене құрылысы, тіршілік ортасы),
  • 2-ші: буылтық құрттармен немесе шаянның басқа түрімен салыстырады,
  • 3-ші: зерттеу арқылы ерекшелігі,
  • 4-ші: қолданылуы, яғни маңызы айтылып,
  • 5-ші: дәлелдеуде тіршілік қасиеттеріне тоқталып,
  • 6-шы: мінез-құлқын талдайды.

«Кубизм» әдісімен мысалы: бунақденелілер класымен танысу кезінде әрбір топ бунақденелілердің бір түріне постер құрастыру арқылы жазбашада сипаттама беруге болады. Өз іс-тәжірибемде бұл әдісті оқушылардың қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату кезеңдерінде қолдану тиімді деп ойлаймын.

Үшінші кезеңде тарауды немесе бөлімді аяқтағанда қолдануға тиімді «Жәрмеңке» әдісі. Бұл әдіс бөлім бойынша оқушы білімін танымдық, шығармашылық  қабілеттерін саралап көрсетеді. Әр оқушы осы бөлімде қызықты да тартымды логикалық тапсырмалар құрастырып, өз жұмысын жәрмеңкеге әкеліп жарнамалайды, сатуға тырысады, алған оқушы тапсырмаларын орындап баға береді. Бұл кезеңде «ББҮ» әдісі бойынша Не білемін? Не білгім келеді? Не үйрендім? деген сұрақтарға жауапты стикерге түсіріп, рефлексия жасауға болады.

Заманауи түсінікке тоқталар болсақ СТО бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. СТО көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді (МАН 2014,42-бет).

Биология – тірі ағзалардың сан алуандығын, олардың пайда болуын, даму эволюциясын, т.б талдауды, болжауды, баламалы шешімдер қабылдауды, зерттеуді талап ететін жаратылыстану ғылымының бір саласы, бұл пән үшін СТО модулінің маңызы өте зор.

1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты – үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын (МАН 2014,43-бет).

Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өзінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру. Блум таксономиясы төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды.

Сабақ барысында оқушылардың әрқайсысының өзінше ойлауына ықпал етуде Э.Бононың «Ақылдың алты қалпағы» әдісінің тиімділігі зор. 10-сыныпта «Ядрода өтетін үдерістер, ядролардың типтері» тақырыбында оқушылар алты түрлі қалпақтың аясында рөлге еніп, жасуша ядросының рөлі, маңызы туралы ойларын, дәлелдерін көрсетті.                                   Мысалы:

  • ақ қалпақ: ядро эукариотты ағзаларда ғана болатындығы туралы,
  • сары қалпақ: ядроның пайда болуының тірі ағзалардың күрделенуіне әсерін,
  • қара қалпақ:ядросызда тіршіліктің болғандығын,
  • қызыл қалпақ:ядроның көбеюге қатысатындығын,
  • жасыл қалпақ: ядродағы үдерістерді өзгерту арқылы өнімдер алуға болатындығын,
  • көк қалпақ: ядроның пайда болуы табиғатта әр алуан ағзалардың пайда болуына ықпал еткені туралы айтып өтті.

Бұл әдіс оқушылардың алған білімдерін кез-келген жағдайда қолдануына мүмкіндік береді.

Ұстаз үшін баланың өз ойын толық жеткізуі маңызды. Осындай әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, білім сапасын арттыру – пән мұғалімінің міндеті деп ойлаймын.    

 

Пaйдaлaнылғaн   әдебиеттер:

  1. Мұғaлiмге aрнaлғaн нұсқaулық: Екiншi (негiзгi) деңгей\-Бaкиров К.A., Нaмысовa Г.A, Аушева И.У, Шаримова А.Г, Ғабдоллақызы Б, Байкенова Б.А.
  2. Үлестiрме мaтериaлдaр. 3-бaсылым-Aстaнa: «Нaзaрбaев Зияткерлiк мектептерi»

ДББҰ Педaгогикaлық шеберлiк ортaлығының бaспaсы.

Ж.О. Тоймуратова 

                         И. Құтпанұлы орта мектебі,

                         география, биология пәні мұғалімі

Ақмола облысы, Аршалы ауданы,

Жібек жолы ауылы

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.