Жаңбырлы суық ызғарымен жауратар күз де келіп жетті. Әсем далаға сән беріп тұрған сарғайған жапырақтар, түнеріп тұрған қара бұлт – осы күз мезгілінің нышандары. Күздегі табиғат көрінісі ерекше бір қолдан салып қойған әдемі сурет іспеттес. Бұл мезгіл таңғажайып табиғатымен ерекше.
Біз үшін күз – ең керемет мезгіл. Піскен жемістері, әсем табиғаты, сұлу көрінісімен баурап алатын күз мезгілі кімге ұнамасын…
Осындай сұлу табиғаттың әдемілігін, сұлулығын паш етуге Атырау қаласы, Ақжар ауылындағы № 26 Сырым Датов атындағы орта мектептің «Мектеп алды даярлық» «А» сыныбының бүлдіршіндерімен бірге сынып жетекшісі Боранбаева Айгүл Мұңайтпасқызы ортаға шықты. Алтын күзді алтындай етіп көрсеткен Күз Ханшайымы мен Күз Ханзадасы да бірге келген екен. «Берекелі алтын күз» деп тақырыбы айтып тұрғандай, сынып жетекшісі Айгүл апай күз туралы бірнеше мәліметтер айтып, балаларға таныстырып өтті. Бұл мерекеге арнайы дайындалған кішкентай бүлдіршіндер «Жапырақтар», «Хафана», «Радуга» билерін әсем қимылдарымен билеп берсе, бірнеше әнді де нақышына келтіре орындап ата-аналарының ыстық ықыласына ие болды. Бұл жыл мезгілінің жомарттығын алға тарта отырып, жеміс-жидектер туралы да бірнеше жаттаулар айтылып, ойын түрлері де жарыса өткізілді. Ханшайым мен Ханзаданың орындауындағы «Күзгі вальс» биі мен «Күзгі сән үлгісі» бойынша өнер көрсеткен бүлдіршіндер де мерекенің ажарын келтіргендей. Көңілді өткен мерекелік шара соңы мектеп әкімшілігінің құттықтауымен қатар ата-аналардың үлкен алғысымен қорытындыланып, балаларға тәттілерден базарлық ұйымдастырылды.
Арайлым НАРЕШОВА, ата-ана
№ 26 Сырым Датов атындағы орта мектеп,
Атырау қаласы, Ақжар ауылындағы