Home » Ашық сабақтар » Бекжанова Жазира. Перпендикуляр түзулер

Бекжанова Жазира. Перпендикуляр түзулер

  Бекжанова Жазира Мараловна,
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы
№201 мектеп – лицейінің
математика пәні мұғалімі


 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін   оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
7.3.2.9. нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану
Сабақ мақсаттары: Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын біледі,перпендикуляр түзулерді сыза біледі
Бағалау критерийі: Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіреді және нүктеден түзуге дейінгі арақашықтықты таба біледі
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар: теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды түсіндіреді, сызбадағы берілгендерді суреттейді.
Негізгі сөздер мен тіркестер: перпендикуляр түзу, нүкте, биссектриса, бұрыш, көлбеу, проекция, қашықтық, тік бұрыш, гипотенуза

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

— С нүктесі арқылы АВ түзуіне перпендикуляр жүргіземіз

— АЕ перпендикулярын   түсіреміз

— ВС түзуіне көлбеу жүргіземіз

Құндылықтарға баулу: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу. Геометриялық кескіндерді салу

Информатика. АКТ-ны пайдалану

Алдыңғы оқу : Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы,  перпендикуляр түзулер мен кесінділерді танып біледі

Сабақ барысы

Сабақтың басы: Ұйымдастыру кезеңі

 «Ақ тілек» тренинг

Оқушылар  шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.  Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады

Топқа бөлу:  «Қима қағаздар»  әдісі

Оқушылар топқа  жазылған сөздер  арқылы бөлінеді. Қажетті сөздер:  «Перпендикуляр»,    «Көлбеу», «Проекция»

Ой қозғау

‘PLICKERS’ бағдарламасы арқылы өткен тақырыпты қайталау

PLICKERS бағдарламасында дайындалған тест тапсырмасы  беріледі.

«Басбармақ» әдісі арқылы мадақтау

Сабақтың ортасы

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақты меңгеру

Бейнеролик көрсетіледі. /BILIMLAND/

 Мұғалім жаңа тақырыпты меңгерту  мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, негізгі идеяларын бірлесе отырып ашып түсіндіреді.

— үшбұрышты сызғыштың көмегімен қандай түзулер сызылды?

-Олардың арасындағы бұрыш қанша градусқа тең?

Топтық жұмыс.

«Айналмалы бекет» әдісі

1-топ: 1-теорема

2-топ: Көлбеу, оның проекциясы

3-топ: 2-теорема

 

Топтық жұмысты «Серпілген сауал» әдісі  арқылы бағалау

 

«Ілгерілеуді анықтайық»  әдісі бойынша оқушыларға жеке жұмыс беріледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз

(«шын» –  плюс, «жалған» – минус)

  1. Перпендикуляр түзулер 90˚ бұрыш жасап қиылысады
  2. Берілген түзуде жатпайтын кез келген нүкте арқылы осы түзуге перпендикуляр жүргізуге болмайды
  3. Берілген нүктеден берілген түзуге түсірілген перпендикуляр осы нүутеден осы түзуге жүргізілген кез келген көлбеуден қысқа болады.
  4. Нүктеден түзуге дейінгі ең қысқа қашықтық — сол түзуге жүргізілген перпендикуляр
  5. Үшбұрыштың биссектрисасы сол төбеден жүргізілген биіктігінен қысқа.

Бірін-бірі тексеріп,  бағалау  шкаласы арқылы нәтижесін шығарады .

Жұптық жұмыс

«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша оқушыларға практикалық жұмыс беріледі.

Тапсырма. Торкөзді қағазда, суретте көрсетілгендей, нүктелер мен түзулерді кескіндеңдер. С нүктесінен АВ түзуіне СВ перпендикулярын түсіріңдер

«Өкіл » әдісі арқылы топтық жұмыс

Сызбамен берілген есептерді шығару

Мұғалім оқушылардың жұмыстарын сырттай қадағалап отырады. Керек кезінде  нұсқаулық беріп отырады.

Өзіндік жұмыс

«Қалыптастырушы бағалауға берілген тапсырма»

Сабақтың соңы

«МММ» әдісі бойынша сабақтан түйгендерін жазады.

Рефлексия «БЛОБ ағашы»

Сабак сонында окушы сабакта озiн калай ұстады, кандай дәрежеде өз бiлiмiн корсете алды, агаштан озiн тауып бояп кояды. Топпен жаксы жумыс iстесе кушактасып отырган екi адамды белгiлейдi. Сабакка араласпаса жерде буртиып жаткан баланы бояп кояды.т.с.с.
Үйге тапсырма.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.