Жақында облыстық білім басқарамасының бастамасымен, М.М. Катаев атындағы облыстық «Оқушылар сарайында» дәстүрлі «Жас қалам» облыстық жас журналистер фестивалі өткізілді және Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандары қамтылды.
Аталмыш шараға «Сенің әлемің» облыстық балалар газетінің белсенді авторлары, журналистикаға қабілеттері бар радио және телебағдарламалардың, балалар-жасөспірімдер газет редакциясының өкілдері қатысты. Бұл күн жас тілшілердің танысуынан басталды. Әрбір делегация өз редакциясы туралы шығармашылық таныстыру ұсынды.
Медиа кездесу мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.
Фестиваль бағдарламасына орай, облыстық Халық радиосына, «Казахстан-Павлодар», «Баспа үйі» типографиясында, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында, «Жастар бастамаларын қолдау» орталығында экскурссиялар ұйымдастырылды.
«Pavlodarnews» ақпараттық агенттігінің тілшілері Роза Мустафина, Ақбота Сейсенбаева және «Ирбис» телеканалының операторы Серік Қонақбаев «Оқушылар сарайында» шеберлік сабақтар жүргізді.
Оқушылар сарайының жас тілшілері «СМИ уходят в интернет» атты ток-шоу жүргізді. Телешоуда Павлодар облысының атақты журналистері Юрий Поминов, Фёдор Ковалёв, Елена Вайберт болды.
Фестиваль барысында «Школа-пресс-2017» ең үздік мектеп газеттерінің шығармашылық байқауы өтті. Оқушылар сарайының бірінші қабатында мектеп баспаларының көрмесі ұйымдастырылды. «Ең үздік редакция» аталымы бойынша бірінші орынды «Балауса» газетімен Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы жеңіп алды. «Ең үздік ауыл газеті» аталымымен екінші орын Қашыр ауданы Байқоныс мектебіне бұйырды. Қала мектептері арасында Екібастұз қаласы №6 мектеп-лицейінің «Голос лицеиста» газеті бірінші орынға жайғасты.
Сонымен қатар басқа да аталымдар аясында барлық қатысушылар марапаттарға ие болды. Фестивальге 90-ға жуық жас тілші және олардың 40-тан астам ұстаздары қатысты.
Айгүл Молдаш,
Білім айнасы,
Павлодар қаласы