Home » Ашық сабақтар » «Бауырсақ» ертегісі

«Бауырсақ» ертегісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Слайд, файл, гуашь, қиылған жануарлардың суреттері.

Билингвальды компонент:бауырсақ-колобок- bawyrsak. Қоян- заяц-hare; аю- медведь- bear; қасқыр- волк- wolf; түлкі- лиса- fox.

Шаттық шеңбері!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қонақтарды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good moning!

Орнымызға отырып, оқу қызметімізді бастаймыз.

«Атадан қаштым, әжеден қаштым» бұл ертегі не туралы?

Балалардың жауабы: «Бауырсақ».

Тәрбиеші: Ертеде бір ата мен әже болыпты, ата әжеге бауырсақ пісіруді тапсырады. Осы кезде әже егер де сен маған жыл мезгілін айтсаң, тәтті бауырсақ пісіремін депті. Ал ата болса, есіне түсіре алмай бізге келіп көмек сұрап отыр.

Балалар атаға көмектесеміз бе?

Балалардың жауабы: Ия.

Тәрбиеші:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі.
  • Ай аттарын ретімен кім айтады? Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
  • Қазір қай ай? Қаңтар.
  • Балалар атаға көмектесіп, атаға әже бауырсақ пісіреді. Ыстық бауырсақты әже терезе алдына суытып қояды.Осы кезде ыстық бауырсақ домалап қаша жөнеледі. «Атадан қаштым, әжеден қаштым», алдынан қоян шыға келеді.

Қоян: Мен қоянмын, қоянмын,

Жорыққа түнде жортамын.

Қалдырмаймын ізімді,

Өйткені күндіз қорқамын.

  • Иісің қандай тәтті? Атың кім?

Бауырсақ: -Бауырсақпын.

Қоян: — Мен сені жеймін!

Бауырсақ: Қоян, сен мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін.

Қоян: Менің саған тапсырмам бар? Осы тапсырманы орындасаң жемеймін дейді.

Тәрбиеші: Балалар, бауырсаққа тапсырманы орындауға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

  • тапсырма. «Суретке қарап мақал-мәтел айтыңдар»
  • Гүл қайда болса,

Көбелек сонда.

  • Мал өсірсең, қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

  • Ер қанаты – ат.
  • Ит – адамның досы.
  • Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
  • Қоян көлеңкесінен қорқады.

Қоян бауырсақты жібереді. Бауырсақ әндете жөнеледі. Алдынан қорбаңдап аю шығады.

Аю: Менің атым – аю,

Оңай маған – баю.

Орман ішінде жүремін,

Балды исінен білемін.

Аюдың қолындағы тапсырманы орындау.

  • тапсырма. «Ертегіні ата»

Суретке қарап ертегілерді атайды.

Балалар Бауырсаққа көмектеседі.

Бауырсақ Аюдың тапсырмасын орындап, әрі қарай домалап кетеді.

Сергіту сәті: (музыкалық ырғақпен) қимылмен орындайды.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ян-ян-ян жүгіріп жүр қоян.

Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр.

Кі-кі-кі бұлаңдайды түлкі.

Ю-ю-ю қорбаңдайды аю.

Бауырсақ орманда домалап бара жатады. Осы кезде алдынан аш қасқыр шыға келеді.

Қасқыр: Мен қасқырмын, қасқырмын.

Бәрінен де мықтымын.

Тістерін ақсита: сен кімсің? Исің қандай тәтті? Мен сені жеймін!

Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтамын.

Қасқыр: Сенің өлеңіңнің қажеті жоқ, сен одан да менің тапсырмама көмектес. Менің қолымдағы мына суреттерді құрастырып бер.

3-тапсырма. « Жануарларды құрастыр»(ұжымдық жұмыс).

Бауырсақ әндете домалап кете барады. Осы кезде алдынан қуланып қу түлкі шыға келеді.

Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін,

Біреулерге күлкімін.

Кейбіреуді алдаймын,

Екіншіңді арбаймын.

Бауырсақ, сенің даусың қандай әдемі! Сен маған санамақтар мен жаңылтпаштар айтып берші.

4-тапсырма. «Санамақтар мен жаңылтпаштар айту»

1.Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ. Нұрғиса.

2.Бір дегенім – бөрі.

Екі дегенім – елік.

Үш дегенім – ұшар.

Төрт дегенім – түлкі.

Бес дегенім – бөкен. Аман.

3.Доп теп, дөп теп. Елнур.

4.Бұлаң-бұлаң еткен бұл аң,

Бұлаң десем, екен қылаң. Данара.

5.Торта қойдым,

Орта қойдым.

Орта қойдым.

Жорта қойдым. Т.Санжар.

Бауырсақ балаларға рақметін айтады. Түлкімен  дос болып, екеуі бірге орманға кетеді.

Тәрбиеші: Ата мен әже бауырсақты іздеп жүрген болар. Қане, ата мен әжеге бауырсақтың суретін салып берейік. Балалар бауырсақтың суретін салып ата мен әжеге береді.

Қорытындылау:

  • Балалар ертегі қалай аталады? Бауырсақ.
  • Бауырсаққа кімдер кездеседі? Қоян, Аю, Қасқыр, Түлкі.
  • Қандай тапсырмалар орындадық? Балалар жауап береді.
  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар!

Сау болыңыздар! До свидания! Goodbay!

Багдагул Құспанқызы Валиева,
Қазталов ауданы, Ақпәтер ауылы, БҚО
«Балапан» бөбекжайының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.