Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың қара көз қыздары мен өр рухты ұлдары қолына қару алып жауға қарсы тұрған жастарымыз өте көп. Ұлы Отан соғысы деген кезде көз алдымызға бірден Бауыржан Момышұлы елестейтіні анық. Себебі, оның есімі халықпен бірге жасайды. Бауыржан ˗ батыр, ұлтын сүйген, қазақ тілін сүйген, мықты қолбасшы. Оның халқына сіңірген еңбегі өте көп.
Біріншіден, кез-келген адам қолына қару алып жауға қарсы тұра алмайды, бірақ Бауыржанның батырлығында шек жоқ. Ол елі үшін жанын беруге даяр болды. Әрдайым халқын қолдап, еліне жанашыр бола білді. Қарамағындағы жауынгерлерге ақыл айтып, жол көрсетіп, оларды жігерлендіріп отырған. Ол нағыз қазақ батырына тән ер мінезді кісі болған. Бауыржанның өтірікке жаны қас, ол нағыз шынайылықты жақсы көрді, өзі де шыншыл адам болды.
Екіншіден, Бауыржан ана тілін құрметтеген. Ол екі тілді бірдей жетік меңгерген. Қанша тіл білсе де, қанша тілде сөйлей алса да өзінің ана тілін жоғары қойды. Қазақ тіліне деген құрметі шексіз болды. Ол тіпті әдебиет саласына да өз үлесін қосты. Екі тілде бірдей шығармалар, кітаптар жазды. Қазақ тілін сақтап қалуға бірден бір үлкен үлес қосқан да осы Бауыржан атамыз еді.
Бауыржанның есімі халықпен бірге жасап қана қоймай, ол әрі қарай асқақтай береді. Қазақ үшін Бауыржанның алар орны бөлек. Оның қазаққа тигізген пайдасын біз ешқашан да ұмытпаймыз. Сұрапыл соғыстан сескенбей, елге өз пайдасын тигізуді ойлаған Бауыржан атамыздың туғанына бүгінде 107 жыл толып отыр. Әрине, Бауыржан атамыздың туған күні біз үшін қасиетті күн. Біз әрдайым Бауыржан атамыздың рухын бағыштап өтеміз.
Махан Миражан
Астана қаласы
№ 67 мектеп гимназиясының
11 «А» сынып оқушысы