Home » Ашық сабақтар » «Батыс-Алашордасының көшбасшылары – ел мұраты» (облыстық «Жаhанша оқулары» конференциясының «Алаш тарихы — ел мұраты» секциясының тәрбие сағаты)

«Батыс-Алашордасының көшбасшылары – ел мұраты» (облыстық «Жаhанша оқулары» конференциясының «Алаш тарихы — ел мұраты» секциясының тәрбие сағаты)

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: қазақ  халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы студенттерге мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
Типі: Аралас
Түрі: Саяхат сабақ
Педагогикалық технологиялар: «Мен таптым» сергіту сәті, «Мәтінмен жұмыс INSERT», топтық жұмыс (презентация), «Кезбе тілші» (интервью), рефлексия: «ББҮ», Power Point бағдарламасы презентациясы арқылы ақпарат беру және алмасу.
Әдісі: Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: пікір алмасу, сөздік, көрнекілік, практикалық.
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка әдебиеті, мәдениеттану, тәрбие беру әдістемесі.

Оқыту құралдары: Мультимедиялық құралдар, компьютер, бейнематериал, портреттер, фонотекалық материал, иллюстрациялар, постер, маркер, магнит.

Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі;

— Алған ақпаратты түйіндеу мақсатында «Мен таптым» ойынымен жалғастырайық.
Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен 1-ден 7-ге дейін саналады. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айту керек және алған ақпарат туралы қысқа мәлімдейді.

(Алашорда туралы бейнефильм)

Кіріспе.

Оқытушы Алаш қозғалысы туралы жалпы мәлімет береді. Өткендегі тарихымыздың толық және шынайы тұрғыдан қалпына келтіру бүгінгі таңдағы тарих ғылымының негізгі міндеттерінің бірі. Оның ішінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстардың тарихы елеулі орын алады. Бұл ең алдымен Қазақстандағы алаш қозғалысына тікелей қатынасы бар.

Алаш қозғалысының басты іске асыруға тырысқан мәселесі азаттық пен ұлттық мемлекет құру болды. Алаш зиялыларының ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі жағдайында ұлттық мүддені қолдап, қазақ елінің әлем халықтарымен терезесі тең болып дамуының ең басты көрсеткіші ұлттық мемлекеттің құрылымы еді.

ХХ ғасырдың екінші онжылдығындағы аласапыран төңкерістер кезеңінде қазақ халқының жеке ел болу мүддесін көздеп, Досмұхамедовтер автономия құруға ұмтылды және сол үшін де олар уақыттың тығыздығына, жағдайдың қиындығына байланысты қазақ жерінің батысында басқарушы аппараты, әскери, орталығы бар, тиісті қаржысы жинақталған, белгілі бір территориясы бар мемлекеттік құрылым жасады.

Жаһанша жас кезінен-ақ халқы үшін өте маңызды мәселеге араласып, болашақта үлкен істің басына келетін азамат, тағылымы мол, көргені көп, халқының өткен тарихынан жанжақты хабардар ортадан өсіп шыққан адам.

  • Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады.

Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттықдемократиялық, саяси партиясы болып табылады.

— Алашорда туралы білімдерімізді тереңдету мақсатында студенттер 4 топқа бөлінейік. Орындықтарыңыздың артында 4 түсті стикерлер жабыстырулы. Сол түстер арқылы 4 топқа жалғасып отырайық.

— І топ «алашорданың құрылуы»

— ІІ топ «партия мүшелері»

— ІІІ топ «мәдениетпен байланыс»

— ІV топ «мәңгі есте қалатын із»

Берілген мәтіндер арқылы ақпаратпен танысып, топта талқылап, постерлерін толтырып, оны қорғайды.

— «Кезбе тілші» (Интервью) стратегиясын қолдана отырып, постерлеріңіз арқылы:.

 

І топ: Батыстағы Алашорданың Ж Досмұхамедов бастаған құрылуы туралы мәліметтерді телестудия дикторы ретінде хабарлау.

ІІ топ: «Батыс өңірінің партия мүшелері» тілші оқиға орнынан ақпарат түрінде көрсету.

ІІІ топ: Батыс мәдениетпен байланыс туралы деректерді тілші сұхбат алатын куәгер ретінде баяндау.

ІV топ: Аудиторияға «Мәңгі есте қалатын із» (Aлашорда есімдерімен аталған: білім беру, мәдениет мекемелері, ескерткіштер, мүсіндер, қоғамдық қорлар, ордендер) туралы телефон арқылы хабарлама түрінде жеткізу.

Презентация: Әр топ берілген тақырыбы бойынша өз жұмыстарын қорғау.

— Рефлексия: (кері байланыс) Осы тәрбие сағатынан алған әсерлеріңізді берілген кесте бойынша толтырып, «ББҮ» әдісі арқылы қорытындылайық.

— Біз өмір сүріп жатқан өңіріміздің тарихын, мақтанышпен айта жүріп, сіздер болашақ маман ретінде алдағы ұрпаққа жеткізе білесіңдер деп сенеміз.

 

Майра Жолдыбайқызы Хайдарова,
Нургуль Мұратқызы Нурушева,
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің
музыка кафедрасының оқытушылары,
БҚО,Орал қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.