26-шы қаңтар күні «Білім айнасы» газетінің редакторлары Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы №2 Қараөткел мектебінде болып, ұстаздар қауымымен кездесті. Жиында білім беру саласындағы оң өзгерістер мен мектептің жеткен жетістіктері сөз болды. Бас қосу барысында басылым редакторы Қ.Амантайұлы:
— Республикалық деңгейде шығатын ғылыми-танымдық бағытындағы газетіміз педагогтардың шығармашылығын қолдауды, қоғамдағы ұстаздар беделін көтеруді, талантты оқушыларды көпшілікке танытуды көздейді, — деді ол.
Сонымен бірге, редактор аталмыш газет жайында толығырақ айтып өтті. Ал педагогтар тарапынан қойылған публицистикалық жанрлар төңірегіндегі сұрақтарға тұшымды жауап беріп, мұғалімдердің мақала жазудағы біліктіліктерін арттыру жайында кеңестер берді.
«Білім айнасы» ақпарат