Home » Мақалалар » Басылыммен байланыс орнады

Басылыммен байланыс орнады

      №22 жалпы орта білім беру мектебінде республикалық «Білім айнасы» газетінің таныстырылымы болып, артынша семинар-тренингі өткізілді. Оған қала мектептерінен 10 педагог қатысты.

Тренинг жетекшісі Айгүл Молдаш белсенді тақтаны қолдана отырып, басылымның мақсат-мүддесін, мектеп ұстаздарына арналған ұтымды ұсыныстары мен мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар, мақала жазуда ескерілетін маңызды сәттерге: мақала, оның түрлері мен құрылымына назарымызды аударып, оның талаптарын түсіндірді.

Біз іс-шара барысында таңдаған тақырыптарымыз бойынша мақала жаздық. Кейін жазғандарымызды оқып, талдау жасадық. Жалпы, журналистика – ақпаратқа бай, өте қызықты сала. Мен де өзімді бір сәтке сол газеттің тілшісі ретінде сезініп, алғаш рет мақала жаздым. Тренинг маған қатты ұнады. Алдағы уақытта шығармашылық ізденіске көбірек көңіл бөлуге тырысатын боламын.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап, қатысушылар еңбек етіп жүрген бірқатар қала мектептерінің «Білім айнасымен» берік байланыс орнататынына бек сенімдімін.

 

Сембаева Дария Жақсыбекқызы,

№2 ЖОББМ

бастауыш сынып мұғалімі,

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.