Home » Білім және өнер » «Бастауыш сыныптың білім беру үрдісіндегі критериалды бағалау мектеп оқушыларын оқытудағы дербестік іргетасы ретінде»

«Бастауыш сыныптың білім беру үрдісіндегі критериалды бағалау мектеп оқушыларын оқытудағы дербестік іргетасы ретінде»

2016 жылы сәуір айында мен «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша курстан өттім, осы курсты өткеннен кейін педагогика облысында өзім үшін көптеген білмеген және қызықты жайыттарды аштым. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты – мұғалімге бағалау тәжірибесін және жаңалықтарды енгізуін үйрету. Менің ойымша, осы бағдарламаның авторы алдына қойған мақсатына жеткен сияқты. Мен өзімнің сәттілігімде және біліктілігімде мүдделі адаммын, сондықтан осы курстарда алған білімдерімді, өз сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын.

Осы курстарды өткеннен кейін көп уақыт өтпесе де, мен өзімнің сабақтарымда формативтік және суммативтік бағалауды іс-тәжірибемде қолданып жүрмін. Сабаққа дайындық жүргізген кезде, мен үнемі ізденісте жүремін, өйткені оқушыларым өзінің әрбір жұмыс кезеңдерінің нәтижелері мен мүмкіндіктерін көре отырса деймін. Формативтік бағалау менің оқушыларыма өздігінен жұмыс істеу, топта жұмыс істеу, сонымен қатар қазақ тілі пәніне қызығушылықтарын оятады, өзара жәрдемдесу, ұжымдылық сезімдері арта түсті. Оқушылармен бірігіп, әр тапсырма түрінің критериалды бағалауын жетілдіреміз. Мүмкіндігімше осы критерияларға дискрипторлар құрастырамын. Берілген критериалар балалар үшін жеңіл және түсінікті болсын деп тырысамын.

Әр сабақ алдында біз оқушылармен бірігіп ортақ критерияларды құрастырамыз. Мысалы:

1. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.

2. Әр оқушы парақ бетіне бір немесе екі критерияларды жазуын өтінемін, жазған критериялары бойынша жұмыстары бағаланады.

3. Оқушылар ұсынған критерияларын тақтаға жазып қоямын.

4. Қысылшандық дәреже бойынша критерияларды құрастырамыз.

Мен өз сабақтарымда келесі формативтік бағалау тәсілдерін қолданамын:

— «Ауызша бағалау» — бұл мұғалім мен оқушының ауызша кері байланысы;

— «Бағдаршам» — сигналды кәртішкелерді қолдануын ескертетін техника: көгілдір түс «Маған бәрі түсінікті», сары түс «Маған кеңес қажет», қызыл түс «Маған көмек қажет» дегенді білдіреді.

— «Аяқталмаған сөйлем» — оқушылар сөйлемді аяқтаулары қажет, мысалы:

— Маған сабақта маңызды болды … .

— Маған сабақта қызықты болды … .

— Бүгін сабақта мен түсіндім … .

— Білгім келді … .

— «Бір тілек, екі жұлдыз» — басқалардың жауаптарын критериялды бағалауын және сөз сөйлегендерге құрмет көрсетуін тәрбиелейді. Осы стратегия арқылы, оқушылар тыңдау, талдау, өз сыныптастарының жауаптарын дұрыс бағалауын үйренеді

— «Венн диаграмасы» бағалаудың ықпалды стратегиясының бірі болып табылады. Ол оқушыларға талдаудың негізінде тілдің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы нәтиже шығаруына көмектеседі.

— «Жуан және жіңішке сұрақтар» — бұл тәсілді сөздік жұмысын кұрастырғанда қолданамын.

— «Фишбоун» (Балық қаңқасы) – басы – тақырыптың сұрағы, жоғарғы сүйіктері – тақырыптың негізгі мәні, төменгі сүйіктері – тақырыптың егжей – тегжейі, құйрық жағы – сұраққа жауап.

— «Синквейн» — бірінші жолда тақырып бір сөзбен аталады. Екінші жолда – тақырып екі сөзбен сипатталады. Үшінші жолда – тақырып үш сөз шегінде сипатталады. Төртінші жолда – сөйлем төрт сөзбен айтылады.

Маған қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде, үнемі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларының дамуы қызықтырады. Сондықтан да мен жие рефлексия кезеңі ретінде үлкен емес аралық жұмыстарын қолданамын: тестілер мен жеке тапсырмалар. Берілген тапсырмалар маған материалдың меңгеру деңгейін бақылауына көмектеседі.

Жоғарыда айтылған бағалау формаларын қолдану арқылы, мен әр баланы сезіп және өзімнің оқушыларыма бағалауды сеніп тапсыруыма болатынына көзім жетті. Сонымен қатар, алдағы жұмысымда сабақ жоспарымды құрастырған кезде осы бағалау формаларының қолдануын әрі қарай жүзеге асырамын.

 

А.К.Кожахметова
«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сыныптарда қазақ тілі мұғалімі
Қостанай қаласы, Жітіқара ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.