Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев жаңа білім беру жобаларының басты қозғаушысы бола отырып, білім беру саласын дамыту жолына айырықша көңіл бөлуде. «Қазақстан жолы — 2050 «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында “Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек және оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс” — деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан да педагогикалық ұжымның алдында өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, ұйымдастыруға қабілетті жеке тұлғаға бағытталған жүйе құрудағы тарихи міндет тұр. Осыған орай мектеп өмірінде білім беру ісін жаңарту, мұғалімдердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу, жетілдіру, жаңаша оқытуды жүзеге асыру, жаңа білімді қалыптастыру, мамандардың кәсіби дамуына көмектесу, нәтиже көрсететін әдістерді анықтау қажеттілігі туындады. Бастауыш сыныптарды оқытуда заманауи технологиялар оқушыға айқын мақсаттар мен оны жүзеге асырудың құралдарын ғана беріп қоймай, тұлғаның білімді бойына сіңіріп, өзін-өзі жетілдіру ісін қызыға жасауына ықпал етеді. Бүгінгі таңда заманауи технологияларды қолдана отырып өз ұстанымымызды, ұлттық құндылықтарымызды негіздеу арқылы жаңаша білім беру үдерісіне көшуіміз қажет. Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі, бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Заманауи технологияларды қолдана отырып жұргізілген сабақтар балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқу талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға салыстыра білуге, дәлелдеуге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамытып, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бастауыш сыныптарда оқытуда көптеген заманауи технологияларды сабақта қолдануға болады.
Инновациялық технологиялар:
- Жобалау технологиясы;
- Деңгейлеп оқыту технологиясы;
- Дамыта оқыту технологиясы;
- Модульдік оқыту технологиясы;
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы т.б.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез-келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс-әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.
«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л.С. Выгодский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден-бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100-ден асады.
СТО технологиясының сабақ кезеңдері:
Қызығушылығын ояту – Эвокация
Мағынаны тану – Реализация
Ой толғаныс – Рефлексия
Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Ой толғаныс
Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады. Сабаққа белсенділігі, ынта-жігері артады.
Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады. Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең, сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
СТО дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты). Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО-ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орнымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Елбасы: Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” деген болатын. Болашақта біздің оқушыларымыздың саналы, парасатты, білімді боларына сөзсіз сенемін. Себебі, сыни көзқарасы қалыптасқан, сындарлы ойлай білетін жас ұрпақ біздің кемел болашағымыздың тірегі болады деген ойдамын.
Мухамадиева Мариямбуви Нариманқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша ПҚБАИ
Басқару және білім сапасы
кафедрасының аға оқытушысы