Home » Балабақша » Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

2018 ж  20.08-20.09 аралығында Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының МКҚК №18 «Аяжан» балабақшасында «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараға барлық педагогтар атсалысты. «Қауіпсіз балалық шақ» бағыты бойынша балабақшада ұйымдастырылған оқу қызметтері, жалпы және топтық ата-аналар жиналысы, балалар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Сенің қауіпсіздігің» тақырыбында жаднамалар таратылып, үйде, көшеде, немесе қоғамдық орындарда қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында балаларға арналған «Қауіпсіздік ережелері» атты видеоролик көрсетілді. Бала қауіпсіздігін басты назарда ұстау мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің негізгі міндеті.

Утесинова Гульзат Алимбековна   
Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының №18 «Аяжан» балабақшасының  әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.