Home » Балабақша » БАЛА ТӘРБИЕСІ — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

БАЛА ТӘРБИЕСІ — БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ

Бала – ата-ананың «көзінің ағы мен қарасы», ары мен абыройы. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашатын – өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні де осыдан. Ата-ана өз баласын махаббатының нұрына бөлеп, қуанышы мен бақытына балайды. «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» — деп бабаларымыз  айтқандай, баланы бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға: «Сіз балаңыздың тәрбиесін 1,5 жылға кешіктіріп  алдыңыз, баланы іште тәрбиелеу керек» деген екен бір дана. Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ. Тіпті, баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар бар. Бала тәрбиесі – қиында күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де, өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ, баламызды осы мақсаттарға тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш-жігер қажет етеді. Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі, талапты қоймастан бұрын, балаға өзіміз үлгі көрсете білуіміз керек. Баланың көзінше қырсық мінез көрсету, өзге адамды жамандау сияқты ерсі қылықтар бала бойына теріс көзқарастарды қалыптастыруға негіз болады. Бала тәрбиесін ойлайтын ата- ана, ең әуелі, өзін тәрбиелегені жөн болар еді,- деп ойлаймын. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы жас жеткіншекті еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны, тек тәрбиеші ғана емес, әрбір ата-ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, көгаландыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыру. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады.

Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршаға ортақ, әрі міндет.

 


ОРАЗАЛИНА Эрика Сергеевна,

Көктөбе ауылы

 «Ақбота» бөбектер бақшасының

 тәрбиешісі,

Май ауданы

Павлодар облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.