Жапондар шарананы құрсақта жатқанда-ақ тәрбиелей бастайды екен. Ал, бізде бала тәрбиесі – кәдімгі бесіктен басталған. Әжесі мен анасының әлдиін талбесікте жатып тыңдап өскен бала саналы азамат болып қалыптасады. Жалпы, тәрбие адам болып қалыптасудың алғашқы баспалдағы болып саналады. Жас кезінен тәрбиеленген баланың рухани байлығы артып, дұрыс тамақтануына негіз болады. Сондықтанда ұрпақ тәрбиесіне алғашқы күннен ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарау қажет. Бұл ата – ананың міндеті болса, мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балаларды тәрбиешілер алға белгілі мақсат қоя отырып, баланың психикасына жүйелі түрде әсер етіп, бойына адалдықты, тәртіптілікті, еңбекке, өмірге деген көзқарасты қалыптастыра білулері шарт.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағына беріледі. Бала денсаулығының мықты болып қозғалыс дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Барлығымызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенім артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық , шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады. Ойын дегеніміз жаттығу. Ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деп айтқанындай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс –әрекеті. Ойын баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құрылғының бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш жігерін жаттықтырады, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын баланың көңілін өсіріп ойын сергітіп қана қоймай өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысады.
Ұлттық ойындар ата – бабалырымыздан бізге берілген байлығымыз, асыл қазынамыз, дәстүрлі ойын салттардың бір түрі. Халық арсында «Денсаулық — зор байлық» деп бекер айтылмаған. Баланың денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасады. Көп ойнап жүгіріп таза ауада жүру жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Орамал алу», «Тақия тастамақ», «Ақ сандық, көк сандық», «Ақ серек пен көк серек», «Хан талапай» т.б. с.с. Ұлттық ойындар арқылы балалар халқымыздың мәдениетімен танысады. Олар ойнап жүріп ойлайды, аңғарады. Көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулар орны ерекше. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.
Баланың сөздік қорын дамытуды ұйымдастыруда ойын ең негізгі орын алады. Ойын әрекетінде жұмбақ шешу, сурет қарау, көру, саяхат жасау құрастыру арқылы сөздік қорларын дамытып, өз жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып, ойлауға бағыттайды; заттың атын, қасиетін есіне сақтап қалуға жол ашады. Ойынға қызықтыра отырып, зейінін, қиялын дамытады. Мысалы: «Қай ағаштың жапырағы, салыстыр да, атын ата!», «Дәл осындай тауып ал!», «Бірдей ойыншықты тап!» Ойынды ұйымдастыру, ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, талдау сияқты үш бағытты қамтиды.
- Ойынға қажетті құралдарды дайындау – ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
- Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру – ойынды өткізу болып табылады.
- Ойынды талдау – бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын меңгереді, таным белсенділігі қалыптаса түсіп, ақыл ойы өсіп жетіледі, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Сондай-ақ саусақ ойыны ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Сөйлеуге деген талпыныс қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақтардың қимыл – қозғалысына қарап бала қуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады, есіне сақтайды. Мысалы «Саусақтар сәлемдеседі», «Қуырмаш», «Адамдар келеді» саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдар мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге тілі мен ойлау қасиеттері дамиды, ұсақ моториканы дамытады. Сонмен қатар өзіне – өзі қызымет ету дағдысын қалыптастырады баун байлау, тигін, түймесін өзі салу, ағыт бауын байлау т.б.с.с. Ойын түрінде түйме тағу, бау байлау, т.б.
Ойын мазмұны мен түріне қарай мазмұнды – бейнелі, қимыл – қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу үрдістері дамып заттарды түсіне, пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректік қабілеттерін көрсетеді. Заттың атын қимылын, санын, сынын білдіретін сөздерді меңгертуге бағытталған ойындар «Суретті лото», «Ғажайып қоржын», «Санамақ», «Жұмбақ» т.с.с ойындар.
Дидактикалық ойындардың негізгі міндеті ақыл-ойын дамыту, білімін байыту білім, білік, іскерлік дағдыларды игертеді. Дидактикалық ойын баланың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді. Ойынды өлеңмен қимылмен ұштастырады.
Сюжетті – рөлді ойындар баланы кішкентайынан бастап, белгілі бір мамандыққа бейімделуін қалыптастырады. Мысалы: «Ұшқыш», «Дәрігер», «Құрылысшы» т.б.с.с. Ойын арқылы балалар ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын, еңбектің мәнін түсініп адамгершілік нормаларын меңгереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Сондықтан келешек ересек адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Демек ойын бала үшін білімнің, тәлімнің қайнар көзі. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, бүгінгі бала ертеңгі еліміздің болашағы екенін назарда ұстайық.
Тәрбие жас ерекшеліктеріне қарай лайықты жүргізілсе, балалар тез көнгіш, еліктегіш, өмір сүруге белсенді келеді. Олар өзінің маңайындағы адамдардың іс-әрекетін бағалауды үйренеді, түсінік алады. Ақыл-ой тәрбиесі баланың білуге құштарлығын, ойлау қабілетін дамытуға, салыстыруға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге жетелейді. Адамдармен қарым-қатынас ойын, сурет құрапу, құрастыру арқылы жүзеге асырылады. Адамгершілік қасиеттері , сезім мен сананың алғашқы элементтері баланың жас кезінде-ақ оянып, дами бастайды. Осыны ескере отырып, әрбір бүлдіршінді саналы азамат етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз екенін атап өткім келеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» қағидасын үлкендер жағы ұмытпаса деймін.
Шатаева Назира Амирбаевна,
Тараз қаласы,
«Үміт» бөбектер үйінің
жоғары санатты тәрбиешісі