Еліміздің болашағы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ал жақсы тәрбие ең алдымен отбасынан және балабақшада басталады. Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анас ының тәрбиесімен қатар өнер-білімге баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие отбасында берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, дамытатыны сөзсіз. Жаңа технологиялардың дамуымен қатар, бала тәрбиесінде оларды назардан тыс қалдырмай жеттістіктерге жеткізіп отыруымыз тиіс. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанына жақсы дағдыларды сіңіріп, жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші ата-ананың және тәрбиелеуші тәрбиешінің міндеті. Бала жаны әсершіл келеді. Бүлдіршіндерге айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі – шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек. Тәрбие – қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтанда бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады.
Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, ұрпақ тәрбиелеу –ата-ананың қасиетті де келелі міндеттерінің бірі. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы-өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасында адамгершілік тәрбиесіне айырықша көңіл бөлу керек, себебі осы мектепке дейінгі жаста баланың адмгершілік сезімдері күшті дамиды, адамгершілік әдеттері қалыптаса бастайды.
Ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу де, тәрбиенің басты міндетінің бірі. Халқымыздың баға жетпес құнды қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен бала өскенде ұлтжанды, халқының намысын қорғайтын азамат болып өсуі тәрбиенің ең жақсы көрсеткіші
« Баланы жастан », «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Ата — аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс.
Бала бақыты — білімде. Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды», — дейді А. Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата- аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындайотырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата — аналармен қарым қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата- ананың қызығушылығын
арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата — ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Сондықтан да ата-ана, тәрбиеші, педагогтер болып ұрпақтарымыздың бойында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда аянбай еңбек етейік.
Шаденова Р.Б.
«Сұлтанқорған» жекеменшік
балабақшасының педагогы,
Алматы қаласы