Home » Баяндамалар » Баланың шығармашылық қабілетін дамыту

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту

     Драмалық ойын – бүкіл тәрбие, білім беру жүйесінің бәріне де қатысты басты құралдардың бірі болып табылады. Оның қай-қайсысы болмасын тек балалардың көңіл-күйлерін көтеріп қана қоймай, олардың қабілетін, ойланымпаздығын, тапқырлық қасиеттерін дамытуға тәрбиелейді. Бала ойын барысында ең қарапайым құбылыстарды ажырата біледі. Драмалық ойындар арқылы, бала өскен сайын қызығушылықтары күннен күнге арта түседі. Ойынның шартына сай, ертегі кейіпкерлері, жануарлар мен жабайы аңдар орманда, бақшада, бақта, далада өсетін өсімдіктер мен ағаштардың түрін ажырату, гүлдің түсіне, иісіне қарап атын атау т.б.  балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытатын дидактикалық   принципке негізделген заттар алынады. Оларға ертегі кейіпкерлері,   күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар, арнайы жаттығу түрлері жаттады. Ойын түрлерін оқу іс-әрекет үстінде белгілі бір тақырып ретінде немесе режим кезеңдерінде де қолдануға болады. Ойын тәсілдерін түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсете білу керек. Әр топтың жасына лайық арнайы   әзірленген драмалық ойындардың оқыту, тәрбиелеу әдістерінде өзіндік алатын орындары бар.

Жоспарлы түрде ұйымдастырылып жүргізілген жұмыс балалардың танымын күннен-күнге кеңейтіп, молайта түседі. Ойындарды ұйымдастырғанда, балалардың қимыл-қозғалыс жасауын ескеріп, ересектер мен кішкентайлардың бірігіп ойнағанын дер кезінде байқап, оларды мақтап, қолдап отыру керек.

Тәрбиешілердің міндеті – бағдарламада ұсынылған драмалық ойындарды шығармашылықпен дамыта отырып, ойнай білуге үйрету. Драмалық ойын — балаларды бірлікке, шыншылдыққа, әділдікке баулиды. Әр ойынның   өзіндік мақсаты, маңызы, тәрбиелік мәні бар. Олардың көбі баланы   шапшаңдыққа, батылдыққа баулыса, кейбіреулері тіл сындыруға, сөздік қорды байытуға, өзін қоршаған табиғатты тануға, тапқырлыққа жетелейді.

Ертегілер біріншіден, баланың танымын кеңейтсе, екіншіден ана тілін жақсы білуге көмектеседі. Драмалық ойындарды режим кезеңдерінде   қолданудың маңызы өте зор. Онда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті – рөлді ойынға ұқсас. Драмалық ойындарында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек, ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Драмалық ойындарды   ойнағанда, мысалы: «Шалқан» , «Қасқыр мен лақтар» , «Бауырсақ» , «Үш торғай» және тағы да басқа ертегілерде   тәрбиеші көбінесе басты рөлді өзі ойнайды, біртіндеп балаларды да рөлге енгізе бастайды. Ойын түрлерін көбінесе жаз мезгілдерінде, серуен кезінде далада өткізілген қолайлы және де даладағы ағаш үйлерді, орындықтарды да қолдануға болады. Ертегіні тек кітапта жазылған мазмұны бойынша қою міндетті емес. Балалар өз ойларын да, басқа қимылдарды қоса білуі керек, сонда ғана балалардың сөздік қоры, тіл байлығы дами түседі. Ойын шарты бойынша 4-5 бала қатысады, ал егер басқа балалардың да ойынға қатысқысы келсе, тағы бір аңға кездесіп қалыпты деген сияқты тағы да ертегі кейіпкерлерін кіргізуге болады. Ойынға күнделікті қатысып жүрген белсенді   балаларды ғана емес , басқа да   балаларды   қатыстырып , рөлдерді   ауыстырып   отыру керек. Драмалық ойындар – мектепке дейінгі балаларға тән ең сипатты ойындар болып табылады және олардың өмірімде елеулі орын алады. Ойын процесі сол мақсатты жүзеге асыру : бала жоспар жасайды ,   соны жүзеге асырудың құралын таңдап алады. Мейлім, ол мінген поезд орындықтардан жасалған болсын , мейлі үй ағаш жаңқаларынан тұрғызылған болсын, әңгіме   онда емес – шындықты бала қиялы толықтырады. Бұл жер де жоспар құру процесінің өзі маңызды.

Жұмыс тәжірибемде байқағанымдай, балабақшаға бүлдіршіндер әртүрлі эмоциялық ортадан келеді. Өз ойларын ашық айта алмайды, айтса да жағымсыз түрде жеткізеді. Осыдан өз достарымен, үлкендермен, қарым- қатынаста түсініспеушілік туындап, бала тұйықтана түседі. Ойын не оқу іс-әрекет барысында әр баланың ерекшелігіне мән беріп, білімі мен ұғымын кеңейту мөлшерін сақтау керек. Әсердің шамадан тыс көптігі ойында елеусіз, кездейсоқ нәрсені үстірт қана бейнелеуге, балалардың тұрақсыз, ұйымшылдықтың жеткіліксіз болуына соқтыруы мүмкін. Тәрбиеші балалардың әңгімелесу, экскурсия, әңгімелеу тағы басқа кездерінде игерген білімдерін тез меңгеруге асықтырмауы тиіс. Ойын аяқталған соң тәрбиеші балалардың ынтымақты тату қимылдарын атап өтеді, ересектерді ойынды талқылауға шақырады, ойынға қатысушылардың жағымды қарым-қатынастарын атап өтеді.

Осының барлығы балалардың келесі ойынға деген ынтасын дамытады.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыта отырып, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекше орын алары сөзсіз.

Белгілі жазушы М.О. Әуезов «Ел болам десең-бесігіңді түзе» — дегендей, білімнің киелі бесігінде балабақша есігін ашқан сәбилерді тербетсек, кейінгі елдігімізге олар да өз үлесін қосары анық.

Елеусізова Гүлсезім Көшебайқызы,

МКҚК №48 «Шаттық» балабақша,

тәрбиеші,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.