Home » Мақалалар » Баланың тілін заманауи технологиялар арқылы дамыту

Баланың тілін заманауи технологиялар арқылы дамыту

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас

ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың

тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев

 Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Заманауи технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады.

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:

  1. Денсаулық сақтау технологиясы.
  2. Дамыта оқыту технологиясы.
  3. Ақпараттық — коммуникативтік технологиялар (АКТ).
  4. 4. Ойын технологиясы.
  5. Мнемотехника технологиясы.
  6. ТРИЗ технологиясы.

Денсаулық сақтау технологиясының негізгі мақсаты:

Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Балалардың денсаулығын нығайту барысында біздің балабақшада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Балалар күнделікті таңғы жаттығулар жасайды, хауызға барады, жаттығу бөлмесіне барады.

Дамыта оқыту технологиясы – баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттерді дамыту.

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды-есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Қазіргі заман талабына сай енгізіліп жатқан жаңа бағдарламалар, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы балаға тәрбие мен алғашқы білім беру негізі – балабақшадан басталады. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтардың біліктілігін көтеруге, олардың оқу үрдісін жүйелі, қызықты етіп өткізуге, балалардың ойлау, есте сақтау, тыңдау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізіп отыр. Ақпараттық технологиялар бойынша тәрбиешілердің жасалған электрондық оқу кешендері, құралдары жинақтары бар. «Қызықты грамматика», «Кел балалар ойнайық», «Ойнайықта, ойлайық» осы құралдарды пайдаланамыз. Мысалы, қызықты грамматикада ертегілер тыңдаймыз. Есіне сақтамаған балаға қайтадан көрсетуге болады.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.

Ойын технологиясының ерекшелігі: ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:

— көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, суреттер, буындық кестелер, тірек-сызба, үлгілер, т.б.

ТРИЗ технологиясы.

ТРИЗ-дің мақсаты – тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.

Луллий шеңбері. Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Сөздік қорын байытады. Дыбыс, сөз, буын, сөйлем құрудың структасын үйретеді.

Жаңа технологияларды қолдана келе ҰОІӘ және педагогикалық процессте топтың жұмысын жоспарлап жүргіземіз, сондықтан өткізілген ҰОІӘ және педагогикалық процесс мазмұнды, жүйелі, қызықты, балалардың жасына сай құрастырылады.

Қорыта айтқанда, балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.

Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт-бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.

 А.Ж. Абайдельдина

Қостанай қаласы,

«№61 бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.