Home » Жаңалықтар » Балалар — өмірдің гүлі

Балалар — өмірдің гүлі

Павлодар қаласының 4 арнайы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының ұстаздары «Балалар — өмірдің гүлі» деп аталатын республикалық қашықтық сайысына қатысты.
Іс-шараны Астана қаласының «NewOpportunities» оқу-əдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Сайысқа: мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, техникалық жəне кəсіби білім беру мекемелерінің əдіскерлері, логопед, дефектолог-мамандар шақырылды.
Сайыстың мақсаты: білікті, шығармашыл ұстаздар тəжірибесін республика деңгейінде насихаттау болды.
Қазылар шешімімен  «Заманауи сабақ» номинациясы бойынша Бас жүлдені Павлодар қаласының 4 жалпы орта білім беру мектеп-интернатының дефектолог-маманы Анастасия Живетьева жеңіп алды.
Сайыс жеңімпаздарына Сертификаттар табыс етілді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.