Оқу жылы аяқталысымен мектеп балалары жазғы сауықтыру лагеріне асығады. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде балалардың демалыстарын тиімді өткізулеріне білім бөлімі және лагерь басшылары мен тәлімгерлер ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатқа орай 2017 жылдың 17-28 сәуір аралығында Қызылорда облысында арнайы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Балалардың сауықтыру лагері басшысының қызметіндегі инновациялық амалдар» атты біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс барысында лагерь басшылары мен тәлімгерлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, жазғы лагерь бағдарламасын, жоспарлау мен лагерь қызметкерлерінің құрамын бекітуді анықтаған болатын. Сонымен қатар топ мүшелері пікірлесіп, лагерь төңірегінде туындайтын мәселелердің шешуін қарастырды. Бұл мен үшін және басқа тыңдаушылар үшін жүйелі ұйымдастырылған курс болды. Аудиторияда әр мұғалім өз ойлары мен тың идеяларды ортаға салып, пікірлесіп тақырыптың мақсаты мен міндеттерін атап, тәжіриебелермен бөлісті.
Қазір-инновациялық технологиялық заман. Сондықтан да мұғалімге қояр талап зор. Сабақ барысында Б.Қожамберлиев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» тақырыбына сәйкес дәріс жүргізе отырып, Конституцияның ерекшеліктерімен, білім берудегі 100 нақты қадамды сәйкестендіріп, О.Орманов, «Жазғы сауықтыру лагерінде АКТ-ны тиімді қолдана білуді, әдіс-тәсілдерді ұйымдастыра білуді, жобалау әдістерін шешуді қарастырды. Осы тақырып аясында А.Қозбахова «Жазғы тынығу лагерін ұйымдастыру, балалар қауіпсіздігін сақтау» туралы ерекше дәріс жүргізіп, жазғы сауықтыру лагерь туралы көптеген мағлұматтар берді. Топқа жетекшілік қызмет атқарған Ш.Бекенов «Жазғы лагерь ұйымдастыруды, бағдарлама жасауды теория жүзінде ғана емес, практикамен ұштастыруға бағыт-бағдар беріп отырды. Осы сабақтан алған білімдері мен әсерлерін топ мүшелері жазғы сауықтыру лагеріне қатысты жоба мен өзіндік жұмыстарында қорғады. Тынығу лагерінде балалардың уақытын тиімді өткізуді, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуді, рөлдік ойындарды, іс-шаралар жоспарларын, осыған сәйкес бағдарлама жасауды, балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, тренингтер мен ойындарды атап, анық көрсете білді.
Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мамандарының кәсіби өсу жағдайлары, жан-жақты ізденістері дәріс сабақтарында көрініп отырды. Жоба жұмыстары, топтық, жұптық жұмыстар әр мұғалімді шығармашылық ізденіске жетелеп, жазғы тынығу лагерінде балалардың қызығушылығын арттырып отыратын методикалық әдістерді табудың жолдарын көрсетіп, білім мен біліктілікті арттыруға жол ашты.
Курсқа келген әр тыңдаушылар өздеріне қажетті тәжіриебелік жұмыстарды жинақтап, жазғы лагерь туралы білімдерін терең меңгеріп, жазғы демалыс кезінде балалардың әр күндерін қызықты өткізулеріне байланысты жоспар құратындықтарын айтты.
Ұзақбаева Фариза Бақытбергенқызы
«Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша
білім беру орталығы директорының орынбасары