Қазақ халқы қай уақыт болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемдеу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз қажет. Еліміздің мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа бағдар ала отырып рухани жаңғыруымыз керек. Рухани жаңғыру аясында болашақа бағдар ретінде білімнің салтанат құруы білім саласындағы жаңғыру деп білеміз. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет.
Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты сапалы тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз, балабақшадағы тәрбиені жалғастырып, жандандыру. Қазіргі таңда Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №29 балабақшасына 10 жыл толуда. Балабақша 2007 жылдан бері жұмыс атқаруда. Бұл мекемені басқарып отырған меңгеруші – Н.К. Мадышева. Балабақшаның жобалық сыйымдылығы 140 орынды. Баланың жасына сай оқу қызметтері, сөйлеуді дамыту, ағылшын, орыс тілі сияқты оқу қызметтері оқытылады. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз. Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кенейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, алған білімдерін ән, би, өлең, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Балабақша ұжымы облыс, қала көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. Бүлдіршіңдердің бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру, яғни бала тәрбиесі – баршаның ісі. Бала тәрбиесі – ата-ана мен тәрбиешілердің ісі, әрі баланың тұлға болып қалыптасуы ең алдымен соларға байланысты.
Қорытындылай келе, Елбасымыз айтқандай, еліміздің болашағы балалар, ал сол балаларды нағыз патриот етіп тәрбиелеу «Мәңгілік ел» — болашағы – біздің қолымызда.
Болашағымызды қастерлеп, бойына бар жақсылықты сіңіруге, елге берік, ата-анаға мейірімді, иманды ұрпақ тәрбиелеуде өз еңбегімізді, білімімізді аямай еңбек етуді жадымыздан шығармайық дегім келеді.
Ф.А. Жаманкулова,
№29 балабақша әдіскері,
Тараз қаласы