«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — деп ақын жырлағандай өз тілінде еркін сөйлеп, құрметтей білетін, өзге тілді жетік меңгерген тұлғаны тәрбиелеу бүгінде мектепке дейінгі білім беру саласында да жүзеге асырылуда. Жас ұрпақты балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, өз тілінде және орыс тілінде оқу мәнерін меңгеруге, өлең — сөзге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, анасына, әжесіне сыйластық сезімін тәрбиелеу мақсатында орыс тілі мұғалімі Берекетова Р.Ж. және ағылшын тілі мұғалімі Шынардың ұйымдастыруымен 03 наурыз күні МКҚК «Айналайын» балабақшасында 8-наурыз мерекесіне орай «Ана-өмірдің шырағы» атты балалар арасында қазақ тілінде және орыс тілінде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа балабақшамыздың ортаңғы топ тәрбиеленушілері: Ақбота тобынан Раймберді Нәзира, Балдырған тобынан Нұролла Гүлжанар, Бәйшешек тобынан Қанатбай Ақтілек, Жауқазын тобынан Бердіқұл Ақмарал, Қызалдақ тобынан Асқар Айзере қатысты. Сайысымыз ана туралы өлең жолдарымен ашылып, ортаға сайыскерлер шақырылды. Сайыскерлермен танысқан соң, «Гүлдәурен» тобы тәрбиеленушісі Қуанышбекқызы Анель «Анашым» әнін орындады. «Ана – өмірдің шырағы» тақырыбында бейне көрініс көрсетілді. Әділқазылар алқасымен таныстырылып, сайыскер бүлдіршіндеріміз өз тақпақтарын шеберлікпен мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «Балауса» тобының тәрбиеленушісі Рахмет Інжу «Ақ мамам» әнін орындады. Сайыс қорытындыланып, қатысқан балалар марапатталды.
Сайыс нәтижесі бойынша «Қызғалдақ» тобы тәрбиеленушісі Асқар Айзере I орын, «Бәйшешек» тобының тәрбиеленушісі Қанатбай Ақтілек II орын, «Балдырған» Нурулла Гүлжанар III орын, «Ақбота» тобы тәрбиеленушісі Раймберді Нәзира, «Жауқазын» тобы тәрбиеленушісі Бердіқұл Ақмарал марапатталды. Халықаралық әйелдер күні мерекесімен барлық қыз- келіншіктерімізді құттықтап, «Ана – өмірдің шырағы» атты мәнерлеп оқу сайысын аяқтадық.
Берекетова Рыскуль Жумажановна,
МКҚК «Айналайын» балабақшасы,
Орыс тілі мұғалімі
Жетібай ауылы