Home » Балабақша » Байлыққа толы алтын күз

Байлыққа толы алтын күз

Музыка ойналып, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.
— Армысыздар қонақтар, бөбекжай ұжымы, кішкентай бүлдіршіндер! «Байлыққа толы алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: — Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

(Күз мезгілі)

Жүргізуші:
 Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі алтын күздей мерекеге
Бүлдіршіндер аямай жан салыпты.
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)
Ән: «Күз келгенде».
Жүргізуші: Ендеше, күз мезгіліне арнап кім тақпақ айтып береді?
Алтын:
Қуандырып біздерді,
Кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,
Кемелденсін халқымыз.
Құдырет:
Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

  1. Бұтақта ілініп тұрамын,
    Піскенде себетке құладым.  (Жеміс)
  2. Ашулы қонақ бұл анық,
  3. Тонын шешсе жыладық.   (Пияз)

3.  Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.

Айналар ұнға да,
Айналар нанға да.     (Бидай)

4.  Сырты қатты ,
Іші тәтті.    (Қарбыз)
5.  Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар.   (Мақта)
Жүргізуші: Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.
«Тамшылар» биі.
Нұршат: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Ислам А: Енді, енді не етеміз?!
Нұршатқа қалай көмектесеміз?
Қарақат: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Нұршат: Жо-жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!

         Зарина: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Нұршат: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! («Жедел жәрдем» машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді).
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Нұршатқа дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын… (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: — А — а — а — деп қане, аузыңды ашшы…… (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол-аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен,
Білдім, неден ауырғаныңды…!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа,
Дәрумендер жетіспеген!
Нұршат: Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп-көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Жүргізуші: Балалар, ендеше эфирде – «Бау-бақша» телеарнасының  Қызанақ – тілшісінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екен хабарласып көрейік!
— Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр?
Қызанақ — тілшіСәлеметсіңдер ме, балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр. Бірақ кім оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: — Әрине, біздің балалар көмектесіп, көкөністер мен жемістерді жинап береді.
ОЙЫН: «Жемістер мен көкөністер».
Жүргізуші: — Қызанақ, саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Кап — кап».
Көрініс: Уражай.
Жүргізуші: — Балалар күзде аңдар да қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше  эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының тілшісі – Қоянға сөз берейік!
— Сәлеметсіз бе, қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?
Қоян – тілші: — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін табыңдаршы.
Үсті толы ине,
Өзін қорғай алады,
Домаланып қалады.
Қандай аң?
Балалар: Кірпі!
Қоян — тілшіДұрыс, балалар!
Бұтақтан бұтаққа секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң.
Балалар: Тиін!
Қоян — тілшіДұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: — Әрине көмектесеміз! Кірпіге алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!
Ойын: «Жаңғақтар мен алмалар».
Жүргізуші: «Досы көпті жау алмас» деп бекер айтпаған. Міне, біздің балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.
Жүргізуші:  Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Ән айтайық, ойнайық.
Ән: «Rain, rain» қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде – деп ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би «Күзгі вальс»
Жүргізуші: — Құрметті қонақтар бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар.

Азиза Серікқызы Сұлтанғалиева
БҚО, Қазталов ауданы,
Жалпақтал ауылдық
округі әкімі аппаратының «Балдәурен»
бөбекжайының тәрбиешісі,

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.