А.К.Мухашева,
Қарағанды қаласы,
«№23ЖББОМ»КММ
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірінен түсінік бере отырып, мәтіннің мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын аша білуге, талдай білуге үйрету. Оқушыларды құстарды қорғауға, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (әдебиеттік оқу, еңбекке баулу)
Күтілетін нәтиже: — Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді
— Сабаққа қызығушылықтары артады.
— Тапсырмаларды белсенді орындайды.
— Топтық жұмысқа дағдыланады.
— Құстарға қамқор болады.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Құстардың суреті арқылы топқа бөлінеді. «Аққу», «Көгершін» «Қарлығаш» топтарын құру. Топ басшыларын сайлау.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Ғафу Қайырбеков «Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқу. «Ана тілім-тірлігімнің айғағы » тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқыту, мақал-мәтелдер айту. –Балалар, көктемде құстарға қандай көмек көрсетесіңдер? «Құстарға қамқор болайық!» бейнефильм көру. Құстардың қандай түрлерін білесіңдер? Қараторғай туралы не білесіңдер?
Жаңа сабақ
Мағынаны тану: Жүсіпбек Аймауытов-жазушы, ғалым, қоғам қайраткері. Ол 13-14 жасында қисса, дастан жаттап, өлең шығара бастаған.Жүсіпбек балаларға арнап ертегілер,әңгімелер жазған.Оның «Шернияз», «Ақбілек» атты кітаптары бар.
Оқулықпен жұмыс .
Мәтінді іштей оқу, әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқиды. Әр топ сұрақ қояды.
Топтық жұмыс: 1-топ: Әңгімеден қараторғайды суреттеген жерін тауып оқу.
2-топ: Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай.
3-топ: Құстар туралы диалогты тауып оқу.
Постер қорғау
1 — топ Құстардың пайдасы туралы
2 — топ Құстардың зиянды жақтары
3 — топ Венн диаграммасы Құстардың ұқсастығы мен айырмашылығы
Әңгіменің мазмұнын айту.
Қараторғайдың даусын тыңдату.
Сергіту сәті Н.Өнербаев «Құстар әні»
Шығармашылық жұмыс: Құс ұясын жасату. (Барлық оқушыларға ұя жасау үлгісін тарату) Әр топ бөліктерін жасап біріктіріп ұя құрастырады. Құстарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер? Құсты атпа! Құс ұясын бұзба! Құстың жұмыртқасын алма! Құсты қорға!
Қорытынды: -Қараторғай туралы не білдік?
Қараторғай: адамға дос, пайдалы, зиянды құрттарды жояды, бау-бақшаны қорғайды, ән салады, түсі қара, кішкентай құс, екі рет балапан басып шығарады. Мәтіндегі негізгі ой: құстарды қорғау, олардың пайдасын білу, оларға үнемі қамқор болу. Балалар, көктем жаршысы жыл құсын әрдайым қарсы алып,оларға қамқоршы болайық. Бағалау
Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндау.