Home » Балабақша » «Ақ-Бибі»  балабақшасында өткен байқау

«Ақ-Бибі»  балабақшасында өткен байқау

«Ақ-Бибі»   мемлекеттік  емес  балабақшасында  2018 жылдың  27 ақпан күні Қызылорда қаласы  қалалық  білім бөлімінің  ұйымдастыруымен «Үздік педагог-психологы 2018» тақырыбындағы байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: Талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру) болып табылады .
Бағдарлама  5 кезеңнен  тұрды.
1.«Өзін-өзін таныстыру» 5-7 минут
2.  Эссе жазу
3.Практикалық тур (авторлық бағдарлама, шебер-сынып, психологиялық тренинг) 7-10 минут
4. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу 3-4 минут.  Байқау жүргізушісі Г.Самуратова қатысушы психологтарды бағдарламамен таныстырды.
Қызылорда қаласы қалалық білім бөлімінің педагог-психологы С.Жүсіпқызы және «Білім айнасы» редакторы Қуаныш Әлібек Мұханұлы  мемлекеттік және мемлекеттік емес психолгтары қатысты. «Ақбибі» балабақшасының меңгерушісі  А.Құрманбаева семинарға келген қонақтарға толағай табыс тілеп, жеңімпаз болуларына тілек айтты. Балабақша  психологтары өз білімдерімен, жасаған жұмыстарымен  партфолиоларымен,  «Мамандығым – мақтанышым» атты эсселерін оқып, қолдан жасалған көрнекі құралдарымен шебер сыныптарын   көрсетті. І  орын  жеке  меншік  «Саулет »балабақшасының психологы Рахимова Нұргүл,  «Азия кидс» балабақшасы ІІ орын, психологы М.Мусағалиева, «Сыр самалы» балабақшасының   психологы  Ә.Жадуақасова ІІІ орынды  иеленді. Басқа  да   қатысушы  педагог-психолгтар «Алғыс  хатпен» марапатталды. Байқауға  келген көрермендер  «Ақ-Бибі» мемлекеттік  емес  балабақшасының  ұжымына  ризашылықтарын  білдірді.

 

А.Құрманбаева,
«Ақ-Бибі» мемлекеттік емес балабақшасының  меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.