Home » Балабақша » Аққаланың достары

Аққаланың достары

Білім саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Сурет бойынша әңгіме айтуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер:
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бізге келген қонақпен
Амандасып аламыз.

 Балалар қазір жылдың қай мезгілі? қыс мезгілі.

Дұрыс айтасыңдар балалар.

Балалар қыстың қандай ерекшеліктерін білесіңдер? –Қар жауады, аяз болады,боран соғады, даладағы ағаштардың бәрін аппақ қар басады.

-Балалар,қыс мезгілінде біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз? Біз тоңбас үшін басымызға бас киім малақай,үстімізге тон,қолымызға қолғап аяғымызға етік киеміз.

Жұмбақ.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны. (Аққала)

 

Қардың сыңғырлаған даусымен Аққала кіреді.

Көңілсіз бір қолғабын жоғалтып алған, соған көмектесемізбе,іздеп балалар.

Енді балалар қыс мезгілі туралы тақпақтарымызды айтайықшы:

Балалар шықты далаға,

                       Ойнап күліп жүр енді.

                       Шаналармен озады,

                       Аққаланы соғады. Айжан.

 Ауыл алды ақшақар,

Ақша қарда балалар,

Соғып жатыр аққала.   Алан

 Аққаланы неден соғамыз балалар? — қардан.

Балалар қане бәріміз бірге аққаламен серігіп алайықшы.

Сергіту сәті:

Бойымызга шаккана,

Тұрғыздық біз аққала.

Мұрны сәбіз сап-сары,

Көзі көмір қап-қара.

Басына киген шелектің,

Кескін түрі бөліктің.

Қолындағы сыпырғыш,

Заттың дайын керектің.

Аққала:

Балалар, қане кім Аққаланың қолғабын тігеді.(3 бала шығып тігеді)

1-тапсырма: Аққаланың қолғабын жамау.

Қыста қандай ойынды ойнағанды жақсы көресіңдер? –шана тебеміз, аққала жасағанды ұнатамыз.

Балалар, аққаламыздың қолғабын жамап бердік көңілін көтердік. Енді оған достар тауып, аққала жасап берейік.

Бас бармағым- атам,

Балан үйрек- әжем.

Ортан түбек -әкем,

Шылдыр шүмек – анам.

Кішкене бөбек мен,

Біз үйде нешеуміз,

Біз үйде бесеуміз.

2-тапсырма:Аққаланы жапсыру.

Дидактикалық ойын: Аққаланы құрастыру. Менде мынадай дөңгелектер бар содан аққала құрастырайық.

Қыс мезгілін сипаттайды, аққаланың пішіндерін ажырата біледі. Қарды орыс тілінде-снег деп айтамыз, ал аққаланы- снеговик деп атаймыз. Қыстың ерекшеліктерін атай алады.

Ихсанова Жанар Мухтаровна,
 Габдулова Анар Мутигулиевна
БҚО, Орал қаласы №18 «Балдырған» бөбекжайы МКҚК
2 санатты тәрбиеші

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.