Home » Мақалалар » Ақылды қария – ағып жатқан дария

Ақылды қария – ағып жатқан дария

Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, сол арқылы ұлт пен келешек ұрпақ бойында өзіндік қасиетімізді қалыптастыру — көздегеніміз. Жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келетін қарияларымызбен мақтанамыз, марқаямыз. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген інілерінен ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтау үшін Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №177 жалпы білім беретін мектепте «Қариялар – сарқылмас дариялар» атты іс-шара мен тоғызқұмалақ, шашки, шахматтан турнир ұйымдастырылды.

Кездесу кішігірім концерттік бағдарламамен басталып, ұрпақтар сабақтастығы аясында тоғызқұмалақ, шахмат турнирімен жалғасты. Жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.

Қариялар өз кезегінде оқушыларымызға ризашылықтарын білдіріп, «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші бата, ізгі ниет-тілектерін білдірді.

 

    

Есимбекова Гульдана Алтынбековна

№177 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.