Home » Баяндамалар » АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ

АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ

Тұлғаның өсуі мен қалыптасуы өмір сүру ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде қарастырып бағалаған.

Қазіргі кезеңдегі информатика пәнінің мұғалімінің міндеті – жас буынды жан-жақты дамыту, қиялы жүйрік тұлға ретінде баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Информатика  пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр.

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский.

Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің болуы.

Құзыреттілік – оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.

Қоғамның ақпараттандыру процесі жеке тұлғаның ақпараттық құзыреттілігіне тығыз байланысты болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен   оқыту  білім беру  саласында  кең пайдалануда,  ақпараттық әлемнің жаңа бүтінің түсіну үшін, оның ішінде  жаңа ақпараттық ортаға қажет жаңа құзыреті халқының құрылуына қамтамасыз ету үшін арналған.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауындағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше. Онда: «Ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»,- деп атап көрсеткен.

Ақпараттың негізгі қызметі ақпараттық құзыреттілік болып табылады,яғни  ақпараттық қоғам жағдайында қызметінің негізгі түріне  жатады.

Бұл қазіргі жағдайда ақпараттық құзыреттілік тұтастай алғанда кәсіби педагогикалық құзыреттілігін анықтайтыны айқын болып табылады..

Информатика саласындағы оқытушы ақпараттық құзыреттілік  ақпараттық кәсіби жұмыс  білімімен қамтылуы тиіс.

Педагогтың ақпараттық құзырлығы — мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін ажырамас бөлігі ретінде, кәсіби және білім беру қызметін тиімді шешім қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, нақты білім ұйымының ерекше түрі болып табылады.

Құзыреттілік педагогтың  ақпараттық теориялық және сауаттылық негіздерін көрсетеді. Мысалы, еркін сөйлеу, кәсіби қажетті ақпаратты білуге, өңдеуге,  оқушылармен өзара қарым-қатынасы және т.б.

Қазіргі заманғы мұғалімге мынадай ақпараттық құзыретілікті  жатқызуға болады.

  • Заманауи ақпараттық алқаптарында ақпаратты ұтымды іздеу және пайдалану әдістерін білуі керек;
  • Компьютерлік ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдысын игеру;
  • Ақпаратты Интернетке жеткізе білуі;
  • Компьютер және Интернет –технологияларының көмегімен ашық және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру дағдысын меңгеру;
  • Интернет технологиялары арқылы оқушыларға өзіндік жұмысты ұйымдастыруды білуі.

Маманның ақпараттық оқыту ортасында ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың 3 деңгейі анықталған:

  • базалық – компьютерлік сауаттылығын ашу үшін базалық білім, білік пен дағды жинақталады; ақпараттық технологияны төменгі деңгейде пайдаланады (электрондық түрдегі ақпаратты құру, өңдеу, көшіру, сақтау, тасымалдаудың қарапайым тәсілдерін, ақпаратты презентациялық технология құралдары арқылы береді, Интернеттен ақпарат іздеу, желілік қарым-қатынас жасау, кездескен мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды).
  • технологиялық – кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны құрал ретінде пайдаланады (Интернет-қорларды, пән облысына қатысты интерактивтілік пен ақпарат беру деңгейін сараптайды; программалық жабдықтар мен ауқымды компьютерлік желі қорларын технологиялық, экономикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды есепке ала отырып талдайды; Интернет желісінде программалық-технологиялық және ақпараттық жабдықтардың берілу түрін, құралдарын, сапасын бағалайды);
  • практикалық (кәсіби) – ақпаратпен жұмыс жасау үшін жаңа құралдар жасауды меңгереді.

Олай болса, егер мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияға бағытталса, ақпаратпен жұмыс технологиясын жетік меңгерсе, онда ақпараттық қоғамда өмір сүріп, оның талабына сай бейімделе алатын келер ұрпақтың да іргетасы берік қаланады. Сондықтан әр оқу орнында веб-дизайн, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, музыкалық өнер бойынша әртүрлі студенттік студиялар көбейсе, болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық және кәсіптік құзыреттілігі арта түспек.

Кәсіби құзыретті, бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар ұстап, қоғамды ақпараттандыру мәселелерін шеше алатын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігі деңгейі жоғары маман дайындасақ, күні ертең ұрпақ тәрбиелер ұстаз бойында ізгі мұраттарды қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр емес пе!

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә. Назарбаев «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға – «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі», — деген болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
  2. Егемен Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
  3. Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
  4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
  5. (ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
  6. С.Бахишева «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы» Білім кілті (№1,2006)
  7. «Қазақстан мектебі» журналы № 3,7 56-58б 2010 жыл
  8. Курманалина Ш.Х. «Обновление методического обеспечивания учебного процесса в условиях информатизации образования» — г.Омск, 2002 год.
  9. Молчанов С.Г. Профессиональная компетентность в системе повышения квалификации // Интеграция методической (научно-мето-дической) работы и системы повышения квалификации кадров. Челябинск, 2003.
  10. «Новые педагогические и информационные технологии в системе образования», Е.С. Полат – М.: Аcademia, 2000, 171 б.

 

 

Сейтенова Айдана Сериковна,

Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің

информатика пәнінің оқытушысы,

жаратылыстану магистрі,

Көкшетау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.