Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр оқытушы өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, білім беру үрдісіне енгізіліп отыр. Ал, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады.

Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі –ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдар:

 

Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс — әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль — сабақ, саяхат — сабақ және т.б. жатқызуға болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:

АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Қорыта айтқанда, АКТ-ны білім беру процесінде қолдану білімнің жаңа сапалық деңгейіне қол жеткізеді.

Абдраемова Гульжахан Кайратовна

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

Мониторинг және талдау бөлімінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.