Home » Мақалалар » АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНУ

АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҰРУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ АКТ-НЫ ПАЙДАЛАНУ

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді оқу тәрбие үдерісінде тиімді пайдалануды қарастырады.

Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің  дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі  дамуына, өзіндік білім  алуына  және шығармашылық түрде  өздігінен қызметтерін іске  асыруға  мүмкіндік береді. Сондықтан  мұғалімдерді  жаңа  ақпараттық – коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне оқыту  құралы  ретінде  еркін пайдалану, бүгінгі қарастырып отырған басты мәселеміз.

          Бүгінгі таңда  кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімін жетілдіріп, білім сапасын арттыру қарастырылған.  Олай болса  ақпараттық технологияны пайдалану арқылы, мектепте оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында  кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Оқушылардың ақпаратпен жұмыс іскерлігін  қалыптастыру, комуникациялық қабілетін дамыту, ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау, берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру, зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін    қалыптастыру бүгінгі күн талабы.

Аталған мақсатты жүзеге асыру барысында 2015 жылдың қазан айында  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облыстық педагог – қызметкерлердің білімін арттыру институтының   әкімшілігімен, Іле аудандық білім бөлімінің бастығы Л.Ж.Каткеевамен және №9 мектеп директоры  Г.К.Нурмуханбетовпен 3 жылдық эксперименттік алаңның ашылу меморандумына  қол қойды.  Эксперименттік тәжірибелік алаңны ашылуына Іле аудандық білім бөлімінің бастығы Ляззат Жақыпқызы  Каткееваның  үлесі зор.

22 қазан күні  Іле ауданы, Байсерке ауылы, № 9 орта мектепте «Өрлеу» Алматы облыстық біліктілікті арттыру институтының оқытушылары: Г.К.Фазлыева, Ф.Н.Каракушенова, А.Самарханова мен мектеп директоры Г.Нурмуханбетов эксперимент алаңын салтанатты түрде ашты. Қызыл лента қиылды. Ата – аналар  ашылу құрметіне шашу шашып, өз тілектерін білдірді. Оқушылар мәз – майрам болып, жаңалықты зор қуанышпен қарсы алды. Оқушылар мен мұғалімдерге, ата — аналарға экспериментің негізгі мақсаты мен ережесін таныстырдық. Эксперимент алаңының  бағдарламасы құрылып, бекітілді. Мектептің информатика пәні мұғалімі Ж.Ақылбек эксперимент мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жасап келеді. Мектептегі  2 «А» сынып жетекшісі  З.Уразымбетова мен  2 «Ә» сынып жетекшісі  Г.Дулатбаева өздеріне берілген жұмысты нық сеніммен бастайтынын, мектептегі жаңашылдықтың жаршылары болатынын білдірді. Мектеп әкімшілігі тарапынан, эксперимент алаңына кірген сынып оқушыларын компьютерлермен, ноутбуктармен қамтамасыз етті.

Зерттеудің ғылыми мақсаты: оқу үрдісінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолдану жүйесін тиімді пайдалану арқылы, жалпы білім беретін бастауыш мектепте білім сапасын арттыру

Зерттеу әдіс-тәсілдері:  Зерттеудің барысында жинақтау, салыстыру, талдау(анализ) және синтез тәрізді зерттеу әдістері пайдаланылады. Зерттеу әдіс-тәсілдері пайдаланудың барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың өзіндік пайдасы зор.

Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң  75%-ы есте сақталады екен. Мультимедия пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Біздің шығармашылық топ  ақпараттық –коммуникациялық технологияларды мынадай мақсатта қолданады:

  • жаңа сабақты терең түсіндіруге;
  • оқылған материалды бекітуге;
  • үй тапсырмасын пысықтауға;
  • оқушылардың білім деңгейін анықтауға;
  • сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыруға;
  • интерактивті тақтаны сабақ үрдісіне пайдалану;
  • -AutoPlay Media Studio бағдарламасын игеру;
  • білім сапасын көтеруге.

Біздің басты мақсатымыз оқушылардың шығармашылық-ізденімпаздылық қабілеттерін дамыту. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол мектепке жаңалық енгізуде шешуші рөл атқарады. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.

 

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану маңызды. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Заман талабына сай педагогикалық технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелгенін ұмытпауымыз керек. Оқушылар жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделу үшін мұғалімдердің еңбектері зор. Бастауыш сынып оқушылары компьютерді және мобильді технологияларды ойын ретінде пайдаланып тез игереді,  оны білімге негіздей алмайды. Сондықтан балаларға ақпараттық технология арқылы өздерін қалай дамытудың жолдарын көрсетіп, білім алуға тиімді пайдалануға бағыттау мақсатында эксперименттік іс шара қолға алынған болатын. 2015 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан «Бастауыш білім беруде  оқушылардың  ақпараттық  құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы экперименттік жұмысты қорытындыласақ әр бір оқу жылының аяғында тәжірибелік семинарлар өткізіліп,  оқу – әдістемелік құрал  және фото альбом шығарылды.   Семинарларға бастауыш сынып және информатика пәнінің мұғалімдері, мектеп директорларының оқу әдістемелік жөніндегі орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысып эксперименттік жұмыстар жайлы ұсыныстар беріліп дер кезінде талдау жасалып, пікірлер айтылды. Эксперименттің қорытындысы бойынша бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзреттіліктерінің дамығанын және жүргізілген іс-шаралардың  нәтижелі болғандығын көрсетті.

 

Фазлыева Кулжаухар Какишевна,

Каракушекова Фатима Наубатовна,

                                                «Өрлеу»БАҰО АҚ  филиалы АОПҚБАИ

                                  аға  оқытушылары

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.