Home » Жаңалықтар » Ақмола өңірінің Демократиялық күштері коалициясы латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Ақмола өңірінің Демократиялық күштері коалициясы латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Ақмола облысының демократиялық күштерінің коалициясы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің оң әсерін талқылады, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

         «Мемлекет басшысының мақаласы жаңа идеологиялық платформа болатын мемлекеттік идеологияны көрсететін саяси және идеологиялық құжат болып табылады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мемлекет басшысы латын әліпбиіне ауысудың жоспарын ұсынды, республиканы латын әліпбиіне көшіру – бұл уақыттың талабы», — деді «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.

Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеғұл Ғосман өзінің сөзінде статистикаға сәйкес әлем халықтарының 80%-ы латын әліпбиін пайдаланатындығын атап өтті. Әлемдік ақпараттың басым бөлігі оның көмегі арқылы жасалады, яғни бүкіл адамзат қазіргі заманғы технологияларды игеру үшін өркениетті қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін осы жалпы қабылданған графиканы меңгеруге ұмтылады.

Профессор, филология ғылымдарының кандидаты Бердібай Шалабай құзыретті ақпарат жұмысының қажеттілігін атап өтті. «Латын әліпбиіне өтуге нақты дайындық қажет. Қазіргі заманғы әлемде латын графикасы басты орындарда болды және қалып отыр. Бәлкім, бүгінгі күннің шындықтары Қазақстанды жалғыз және бөлінбейтін түркі әлемімен, тарихи тұрғыдан жақын түркітілдес елдермен сенімді және мәдени-саяси қатынастар орнатуды талап етеді», — дейді Бердібай Шалабай.

         Жалпы, коалиция мүшелері Президенттің бағдарламалық мақаласына және қазақ әліпбиінен латынға көшу жобасына бірауыздан қолдау білдірді.

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» облыстық Коалициясының отырысы өтті. Отырыс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру мәселесін талқылауға арналды. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, облыстық саяси партиялар филиалдарының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, өкіметтік емес ұйымдар өкілдері, лингвист ғалымдар қатысты. Отырыстың ашылу барысында Ғалым Бекмағамбетов Президенттің бағдарламалық мақаласында белгіленген қоғамның даму жолындағы идеяларының маңыздылығы туралы айтты.

— Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор.   ХХІ ғасыр жаңа технология мен ғылым заманы. Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасының бағыттауымен дамудың сара жолын бастады. Елімізді тағы да бір маңызды мәселені жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Ол қазақ тілінің латын алфавитіне көшуі,деді ол.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, латынға ауысу – ол рухани жаңғыру идеясының негізгі бағыттарының бірі.

Іс-шара қатысушылары Елбасының бағдарламалық мақаласы, мемлекеттік тілді  латын қарпіне көшіру жөнінде өз пікірлерін айтты. Ақмола облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұл   Елбасы мақаласындағы бағыттарды толықтай қолдайтынын жеткізді.

— Статистикаға сүйенсек, әлемнің 80% халқы латын әліпбиін қолданатындығын білеміз. Әлемнің ақпарат көздері латын қарпін қолдануда. Алайда латын әліппиіне көшуде асығыстық жасаған біздің бауырлас мемлекеттеріміз әліппи мәселесіне бірнеше реформа жасағандығы белгілі- деді ол.

Келесі баяндамашы профессор, филология ғылымдарының докторы Бердібай Шалабай сауатты ақпараттық жұмыс өткізу керектігіне назар аударды.

— Латын әліпбесіне көшу мәселесін назардан тыс қалдырмау қажет. Жаһандану заманында тұрған қазіргі әлемде латын графикасы негізгі позициялардың бірінде қала бермек. Бүгінгі күннің талабы Қазақстандықтарды бауырлас және алыс-жақын шет елдермен мәдени, экономикалық және тарихымыз бен тамырымыз бір түркі елімен бірлестікте болуымызды қажет етуде,- деп баса айтты Бердібай Шалабай мырза.

Жалпы, Коалицияның қатысушылары Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына, мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру идеясын бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.
 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.