Бүгін облыстық филармонияда Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин педагогтарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып: «Біздің облысымызда 22 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Бұл – Қазақстанның болашағы үшін жауапты, білікті мамандардың үлкен әскері. Мұғалім – бұл жай ғана мамандық емес, мұғалім бұл – жүректің қалауы» деп атап өтті.
Одан басқа, кадрлық мәселелерді шешу үшін биылғы жылдан бастап облыстық бюджеттен педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО оқу үшін 100 білім беру гранттары бөлінді.
Мектептерде жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізіледі, жаңа оқулықтар бойынша оқытылады, бағалау әдістері өзгереді, көп тілділік дамып жатыр. Мектептердің 88% ғаламторға қосылған, қазір бұл көрсеткішті 100% жеткізу мақсаты тұр. Оқушылар 3 тілде 40 мың сандық сабақтар мен 1 млн. мультимедиялық материалдарға қол жеткізе алады. Тәуелсіздік жылдарында Ақмола облысында 14 мың орындық 40 мектеп салынғанын айта кеткен жөн.
Іс-шара барысында 36 педагог «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен, ақшалай сертификаттармен және демалыс орындарына жолдамалармен марапатталды.
«Бүгін – сезімге толы тамаша күн. Барлық педагогтарды мерекемен құттықтаймын. Мені ұстаздық жолға жетелеген өміріме алғысымды білдіремін, мен өзімді басқа салада елестете де алмаймын. Бізге, ұстаздар үшін әр оқушы қымбат, адам тәрбиелеу — біздің басты парызымыз бен табысымыз» — деп айтты Щучинск қ. Жоғары колледжінің оқытушысы Антон Лазорский.