Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Экология және орман шаруашылығы колледжінде «Мәнгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобаның «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына оқу бағдарламасын жақсы аяқтағандары үшін салтанатты түрде дипломдар берілді.
Салтанатты шара кезінде «Серпін – 2050» жобасының 19 студенті ландшафтты дизайн маманының дипломдарын алды.
Бағдарлама қатысушысы Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қ. тумасы Бақытгүл Лесбектің айтуынша Мемлекеттік бағдарламаға қатысу тек қана білімге емес, үлкен тәжірибе жинап, жаңа достар тауып, көп әсер алуға жол ашты.
«Серпін – 2050» жобасы 2014 жылы ашылды. 2017 жыл біздің серпінділіктерге жемісті жылдардың бірі, себебі биылғы жылы Ақмола облысы бойынша біз 104 түлек шығардық» — деп, «Серпін – 2050» жобасының жетекшісі Кулзия Тобатаева айтып берді.
Экология және орман шаруашылығы колледжінің директоры Владимир Скляровтың айтуынша бағдарламаға қатысқан барлық түлектер жұмыспен және баспанамен қамтылады.
Бұдан басқа, келесі оқу жылына Қызылорда облысынан 25 серпіндікті колледжге оқуға алу жоспарланып отыр, олар да бітірген түлектер сияқты ландшафт дизайнының қыр-сырына үйренетін болады.