Home » Мақалалар » Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда

Ақмола облысында мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда

Қорғалжын ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз туры өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баспасөз турының мақсаты ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және Қорғалжынның қасиетті жерлерімен танысу. Осы ретте, Сабынды ауылдық округінің тұрғындары Өміржан Әлімғазы мен Нұрсара Абылайды атап өтуге болады. Жас отбасы Қазақстанға 2006-2012 жылдары Қытай елінен қоныс аударған. Олардың жасаған ұлттық қолөнер бұйымдарын сатып алушылардың қатары бүгінде көбейген. Елордада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде, Наурыз мейрамында өз туындыларын ұсынған. Бүгінгі таңда аудан, ауыл тұрғындарының тапсырысы бойынша Ө.Әлімғазы мүйізден түрлі бұйымдар дайындап, ағаштан астау ойса, Н.Абылай тігіншілік өнерімен айналысып, сондай-ақ, ауылдан шаштараз ашқан. Бұл отбасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында грант ұтып алуға құжаттар тапсырған.

 «Елбасының бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттық дәстүрді жаңғыртуға атсалысып жатырмыз», — деді Н.Әлімғазы.

Сондай-ақ, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының аясында Кеңбидайық ауылында 2016 жылы «Кеңбидайық-Астық» ЖШС іске қосылған. Ауылдың он тұрғыны осы шаруашылықта қызмет етеді. Серіктестік директорының орынбасары Әлібек Жағыпаровтың айтуынша, ауылдағы, аудандағы өткізілетін іс-шараларға үнемі қолдау көрсетіп отырады.

Қорғалжын мектеп гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында кабинет ашылып, «Туған жер» бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің кабинетіне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әдебиетші, ақын, публицист Ермек Біжкеновтің атауы берілген. Бұл – Е.Біжкеновтің қызы, аталған мектептің түлегі   Айгүл Біжкенованың сыйлығы.

БАҚ өкілдері Амангелді ауылдық округінде де болды. Округ әкімі  Қалдыбала Жолдыбаева ауылдың болашағы жарқын екенін айтып өтті. Бұған Қорғалжын қорығының маңында орналасуы деп біледі.

Жалпы, бұл тур барысында БАҚ өкілдері Қорғалжын ауданында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуымен танысып қана қоймай, туристтік әлеуеті де жоғары екеніне кезекті рет көз жеткізді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.